Ақтөбелік зейнеткер емханада өзінің бір күн бұрын қайтыс болғанын естіген

© Photo : Pixabay / Steve BuissinneҚарт адам, архивтегі фото
Қарт адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбелік зейнеткер үш айдан бері өзінің тірі адам екенін дәлелдей алмай жүр. Емханадағы статист-дәрігер жеке сәйкестендіру нөмірінде бір санды қате жазып, ол өлілер тізіміне еніп кеткен.
Ромахан Кенжебаев сол қателіктің зардабын әлі тартып жүр. Зейнеткер емханаға барып, өзінің бір күн бұрын қайтыс болғанын естіген. Сондықтан оның барлық құжаттары жарамсыз болып қалды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Емхана сол кезде қателігін толықтай мойындап құжаттарын реттеп берген. Бірақ үш айдан бері зейнеткер зейнетақысын ала алмай отыр.
"Үш ай бұрын басталды. Мені өлтіріп тастады. Дәрігерлердің қателігі. Үш ай болды зейнетақымды ала алмай жүрмін. Ертең, арғы күні деумен келеді", - дейді Ромахан Кенжебаев.
"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының облыстық филиалына зейнеткердің қаза болғаны туралы мәлімет 7 қазанда түскен. Заң бойынша келер айдан бастап зейнетақы төлеу тоқтатылған. Ал қателік кеткенін бұл орталықтың мамандары тек үш апта бұрын ғана естіпті.
"Мәлімет анықталған бойда Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының қызметкерлері барлық шараны қолға алды. Аталған азаматтың зейнетақысы алдағы айдың 1-нен бастап төленеді", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ақтөбе облыстық филиалының PR-менеджері Асылгүл Айдарова.
Жаңалықтар
0