https://sputnik.kz/20221209/qostanaydagy-qus-fabrikasy-bagany-qymbattatty-degen-kudikke-ilindi-30162249.html
Қостанайдағы құс фабрикасы бағаны қымбаттатты деген күдікке ілінді
Қостанайдағы құс фабрикасы бағаны қымбаттатты деген күдікке ілінді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 желтоқсан - Sputnik. Қостанайдағы құс фабрикасы жұмыртқаны қымбаттатты деген күдікке ілінді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің... 09.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-09T09:22+0500
2022-12-09T09:22+0500
2022-12-09T09:22+0500
жұмыртқа
https://sputnik.kz/img/old/1046/85/10468578_0:129:3187:1921_1920x0_80_0_0_822cdd130b44b833a1f0cfdba4f8d126.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан - Sputnik. Қостанайдағы құс фабрикасы жұмыртқаны қымбаттатты деген күдікке ілінді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті кәсіпорынға қатысты тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлады "Хабар 24".Бұған нарық субъектілерінің әрекеттері негіз болды. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға монополиялық жоғары баға белгілеу бойынша заңға бұзушылықтар анықталды.Күзде өңірдегі тұтынушылар бағаның қымбаттауына шағымдана бастады. Кейбір дүкендерде жұмыртқа бөлшектеп сатыла бастады, бір жұмыртқа 80 теңгеден сатылған жағдайлар да тіркелген."Тергеу нәтижесі туралы айтуға әлі ерте. Бірақ қазірдің өзінде бұл субъекті бәсекелестермен салыстырғанда қыркүйек-қазан айларында жоғары баға қойғанын көріп отырмыз. Егер бұл расталса, онда ең алдымен монополиялық кірісті тәркілеумен 3-тен 5 пайызға дейін айыппұл салынады", - деді Қостанай облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Дастан Сәмен.3 қарашада Қазақстанда нарық субъектілері жекелеген тауар түрлері, атап айтқанда, жұмыртқа, өсімдік майы, күріш бағасын негізсіз қымбаттатқаны хабарланды. Сауда және интеграция вице-министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Абай ауданында Семейден 200 шақырым жерде орналасқан құс фабрикалары он дана жұмыртқаны 360-380 теңгеден, ал ақырғы сатылым бағасы 600 теңгеден сатылған факті анықталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1046/85/10468578_227:0:2958:2048_1920x0_80_0_0_88654175b1c3eb449af430d1f7c4c357.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыртқа
АСТАНА, 9 желтоқсан - Sputnik. Қостанайдағы құс фабрикасы жұмыртқаны қымбаттатты деген күдікке ілінді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті кәсіпорынға қатысты тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлады "Хабар 24".
Бұған нарық субъектілерінің әрекеттері негіз болды. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға монополиялық жоғары баға белгілеу бойынша заңға бұзушылықтар анықталды.
Күзде өңірдегі тұтынушылар бағаның қымбаттауына шағымдана бастады. Кейбір дүкендерде жұмыртқа бөлшектеп сатыла бастады, бір жұмыртқа 80 теңгеден сатылған жағдайлар да тіркелген.
"Тергеу нәтижесі туралы айтуға әлі ерте. Бірақ қазірдің өзінде бұл субъекті бәсекелестермен салыстырғанда қыркүйек-қазан айларында жоғары баға қойғанын көріп отырмыз. Егер бұл расталса, онда ең алдымен монополиялық кірісті тәркілеумен 3-тен 5 пайызға дейін айыппұл салынады", - деді Қостанай облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Дастан Сәмен.
3 қарашада Қазақстанда нарық субъектілері жекелеген тауар түрлері, атап айтқанда, жұмыртқа, өсімдік майы, күріш бағасын негізсіз қымбаттатқаны хабарланды. Сауда және интеграция вице-министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Абай ауданында Семейден 200 шақырым жерде орналасқан құс фабрикалары он дана жұмыртқаны 360-380 теңгеден, ал ақырғы сатылым бағасы 600 теңгеден сатылған факті анықталды.