COVID-19: науқастардың саны артты

© Sputnik / Семён Антонов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 219 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 175 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 8 желтоқсандағы мәлімет бойынша 1 556 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 234 пациент стационарда, 1 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
8 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
4 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 398 061 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
Жаңалықтар
0