Абай облысында алкогольді заңсыз өндірген жерасты цехы анықталды

© Sputnik / Болат ШайхиновАлкогольная продукция в баре
Алкогольная продукция в баре - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Абай облысы полиция департаменті қызметкерлері алкогольді заңсыз өткізу бойынша жерасты цехын жою жөнінде арнайы операция жүргізді.
Контрафактілік алкогольді 57 жастағы Семей тұрғыны үй-жайындағы жертөлесіне жинақтап, қолмен құю цехының желісін жабдықтаған. Полиция әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден астам алкогольді тәркіледі.
Оның жалпы құны 2,5 млн теңгеден асады. Заңсыз өнім үлгілері физика-химиялық сараптама жүргізуге жіберілді.
Жаңалықтар
0