Қостанай облысының әкімі ауысты

© Sputnik / Владислав ВодневКумар Аксакалов
Кумар Аксакалов - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Президент жарлығымен Қостанай облысының әкімі болып Құмар Іргебайұлы Ақсақалов тағайындалды.
Құмар Ақсақалов 2017 жылдың наурыз айынан бүгінге дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.
Құмар Iргебайұлы 1965 жылы Қостанай облысында туған.
1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған.
Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1987 жылы Қостанай облысы Урицкий ауданы "Крыловский" кеңшарының бас инженерi болып бастады.
Ол әр жылдарда аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы, аудан әкімі, облыс әкімінің орынбасары, облыс басшысы қызметін атқарды.
Жаңалықтар
0