Өңірлер

Ақтауда бес қабатты үйден өрт шықты: 30 адам эвакуацияланды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2022
Жазылу
Өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды.
Төтенше жағдай 30 қараша күні түнгі он жарымда болған. 2-қабаттағы пәтерде құрылыс материалдары жанған. Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыған.
"Құтқарушылар баспалдақ бойымен 30 адамды эвакуациялады, оның 10-ы – балалар. Сағат 23.07-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Осы орайда ТЖ министрлігі қысқа тұйықталудың бірнеше себебін атады. Бұл оқшаулау сапасының төмендігі, сымдарды дұрыс өткізбеу, сымдар мен электр құрылғыларының дұрыс байланыспауы.
Тағы бір себеп – электр сымдары нашар күйде болғанда тоқты көп тұтынатын электр құрылғыларын пайдалану.
Қысқа тұйықталуды болдырмау үшін белгілі бір ережелерді сақтаған абзал:
оқшаулауы жеткіліксіз ескі сымдарды пайдаланбаңыз;
қорғаныш өшіру құрылғыларын орнатыңыз;
розеткалар мен ажыратқыштардың жағдайын үнемі бақылаңыз, қажет болса, оларды дереу ауыстырыңыз;.
зақымдалған электр құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Жаңалықтар
0