https://sputnik.kz/20221130/almatyda-darigerdi-atyp-tastagan-er-adamnyn-sotynda-taksishi-agynan-zharyldy-29856690.html
Алматыда дәрігерді атып тастаған ер адамның сотында таксиші ағынан жарылды
Алматыда дәрігерді атып тастаған ер адамның сотында таксиші ағынан жарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Алматылық дәрігер Юрий Шумковтың ісі бойынша сотта такси жүргізушісі өз оқиғасын баяндады. 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T08:51+0500
2022-11-30T08:51+0500
2022-11-30T08:51+0500
дәрігер
сот
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Алматылық дәрігер Юрий Шумковтың ісі бойынша сотта такси жүргізушісі өз оқиғасын баяндады. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті рұқсатсыз көлігіне отырып, мылтық кезеп, жүруін талап еткен. Кейін телефонын тартып алып, емханаға бірнеше рет хабарласыпты. Сөз арасында дәрігерді атып өлтіргенін айтып мақтанған, деп хабарлады КТК.Биыл сәуір айының басында Алматыда емделуші өз дәрігерін аңшы қаруымен атып өлтірген болатын. Қанды қылмыс таңғы уақытта көлік тұрағында болған. Юрий Шумковты атқан соң, артынша жол бойында тұрған көлікке мініп, оқиға орнынан ізін суытады.Полицейлер оны бір сағатқа жетпей ұстады. Атышулы іс бойынша сот әлі жүріп жатыр. Такси жүргізушісі мен 35 жастағы күдіктіні ұстаған полиция қызметкерінен жауап алынды.Осыған дейін күдіктінің анасы алғаш рет мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, ұлының іш құрылысын тексеру үшін зонд кіргізгенде дәрігер шеміршегін сындырып жіберген. Сол жарақаттан нәр тата алмай қалған жігіттің жағдайы күрт нашарлап, екі айда салмағы 95-тен 64 келіге бір-ақ түскен.Шумков кінәсін мойындамай маңайлатпаған соң, ашынған ұлы ақыры осындай қылмысқа барыпты. Бірақ Шумков жұмыс істеген клиниканың қызметкерлері дәрігер мен емделуші арасында еш кикілжің болмады деді.Жақындарының айтуынша, күдіктінің денсаулығы тергеу изоляторында күрт нашарлаған. Ауру асқынған соң, өздігімен жүруден қалған. Бүгінгі сот отырысына төсекте жатып онлайн қосылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер, сот
Алматыда дәрігерді атып тастаған ер адамның сотында таксиші ағынан жарылды
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Алматылық дәрігер Юрий Шумковтың ісі бойынша сотта такси жүргізушісі өз оқиғасын баяндады.
Жәбірленушінің айтуынша, күдікті рұқсатсыз көлігіне отырып, мылтық кезеп, жүруін талап еткен. Кейін телефонын тартып алып, емханаға бірнеше рет хабарласыпты. Сөз арасында дәрігерді атып өлтіргенін айтып мақтанған, деп хабарлады
КТК."Отырған кезде ештеңе айтпады. Жолда "дәрігерді атып тастадым" деді. Мені де атып тастай ма деп қорқып кеттім. Екі-үш рет емханаға телефон шалды. Бірақ қорыққаннан нақты не айтып жатқаны есімде қалмады. "Жүр" деген жолмен жүріп келе жаттым. Айтқанымды істесең, саған ештеңе болмайды деді", - дейді жәбірленуші Дидар Қырықбаев.
Биыл сәуір айының басында Алматыда емделуші өз дәрігерін аңшы қаруымен атып өлтірген болатын. Қанды қылмыс таңғы уақытта көлік тұрағында болған. Юрий Шумковты атқан соң, артынша жол бойында тұрған көлікке мініп, оқиға орнынан ізін суытады.
Полицейлер оны бір сағатқа жетпей ұстады. Атышулы іс бойынша сот әлі жүріп жатыр. Такси жүргізушісі мен 35 жастағы күдіктіні ұстаған полиция қызметкерінен жауап алынды.
Осыған дейін күдіктінің анасы алғаш рет мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, ұлының іш құрылысын тексеру үшін зонд кіргізгенде дәрігер шеміршегін сындырып жіберген. Сол жарақаттан нәр тата алмай қалған жігіттің жағдайы күрт нашарлап, екі айда салмағы 95-тен 64 келіге бір-ақ түскен.
Шумков кінәсін мойындамай маңайлатпаған соң, ашынған ұлы ақыры осындай қылмысқа барыпты. Бірақ Шумков жұмыс істеген клиниканың қызметкерлері дәрігер мен емделуші арасында еш кикілжің болмады деді.
Жақындарының айтуынша, күдіктінің денсаулығы тергеу изоляторында күрт нашарлаған. Ауру асқынған соң, өздігімен жүруден қалған. Бүгінгі сот отырысына төсекте жатып онлайн қосылды.