Коронавирус инфекциясы 85 адамнан анықталды

© AFP 2024 / MOHAMMED ABEDМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 85 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 84 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 29 қарашадағы мәлімет бойынша 987 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 161 пациент стационарда, 826 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
8 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 396 661 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
Жаңалықтар
0