Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды

© Photo : eKaraganda.kzҚарағандыда екі қоғамдық көлік соқтығысты
Қарағандыда екі қоғамдық көлік соқтығысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Қарағандыда екі қоғамдық көлік соқтығысып, салдарынан 1 адам көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Оқиға дәл көпір үстінде болған. № 41 және № 146 автобус соқтығысып, салдарынан жүргізушілердің бірі оқиға орнында қаза болды. Жол апатының себеп-салдары анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды", - деп мәлімдеді Қарағанды ПД баспасөз қызметі.
№146-шы маршрутта болған 15 адам ауруханаға жеткізілді, оның 4-уінің халі мүшкіл. Ал №41 маршрутта жолаушылар болмаған.
Жаңалықтар
0