Мәжілістің қатары жаңа депутатпен толықты

© Sputnik / Абзал Калиевархивное фото
архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. "Ақ жол" партиясының мүшесі Фуат Сатыбаев мәжіліс депутаты ретінде ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Фуат Сатыбаевты мәжіліс депутаты ретінде тіркеген болатын. Конституцияға сәйкес, жаңадан сайланған депутат Қазақстан халқына ант береді.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деді Сатыбаев мәжілістің жалпы отырысында.
Төменгі палата спикері Ерлан Қошанов жаңа әріптесін қызметімен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.
Сондай-ақ Фуат Сатыбаев мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайланды.
Сатыбаев туралы не білеміз Фуат Сайдахметұлы Сатыбаев 1965 жылы Семейде туған. Семей мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Хирург-дәрігер, денсаулық сақтау саласының құрметті қызметкері.
Бұған дейін "Ақ жол" партиясынан сайланған Павлодар облыстық мәслихатының жетінші шақырылым депутаты болды.
Жаңалықтар
0