Қоғам

Маңғыстауда сайлаудың алғашқы сағаттарында 16 бала дүниеге келді

© Photo : congerdesignМладенец, иллюстративное фото
Младенец, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Маңғыстау облысында 20 қараша күні сайлаудың алғашқы сағаттарында 16 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оның бесеуі ұл және 11-і қыз. Статистика бойынша соңғы жылдары облыста ұлдар көп дүниеге келген. Ал бүгін қыздар саны екі есе көп.
Алайда перинаталдық орталық мамандары күн батқанша жағдай әлі де өзгеруі мүмкін деп отыр. Себебі, бұл сағат 00:00-ден 08:30-ға дейінгі деректер.
Жаңалықтар
0