https://sputnik.kz/20221111/qostanay-politsiyasy-6-zhasar-egizdin-olimi-29229660.html
Рудныйда ауруханадан шыққан егіз бала көз жұмды - сараптама қорытындысы жарияланды
Рудныйда ауруханадан шыққан егіз бала көз жұмды - сараптама қорытындысы жарияланды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 11 қараша — Sputnik. Қостанай облыстық полиция департаменті 6 жасар егіз баланың өліміне қатысты сот медициналық сараптама қорытындысын жариялады, деп... 11.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-11T11:44+0500
2022-11-11T11:44+0500
2022-11-11T11:44+0500
өңірлер
қостанай
полиция
бала
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АЛМАТЫ, 11 қараша — Sputnik. Қостанай облыстық полиция департаменті 6 жасар егіз баланың өліміне қатысты сот медициналық сараптама қорытындысын жариялады, деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі. Сараптама қорытындысы бойынша егіз бала уланып қайтыс болған. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайын толығырақ анықтайтын тағы бір сараптама жүргізу туралы шешім қабылданды. Бұған дейін "балалар есірткіден уланған болуы мүмкін" деген қауесет тараған болатын. Бұл жолғы сараптама қорытындысын жариялаған полиция "егіз бала есірткі затынан уланды" деген ақпаратты екінші мәрте жоққа шығарды. Еске сала кетсек, Қостанай облысы Рудныйда алты жасар егіз балалар ауруханадан шыққан соң 12 сағаттан кейін қайтыс болды. Айта кетері, балалар дәрігерлер бақылауында 1-ақ күн болған.
https://sputnik.kz/20221014/rudnyyda-aurukhanadan-shyqqan-agayyndy-28483666.html
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай, полиция, бала
Рудныйда ауруханадан шыққан егіз бала көз жұмды - сараптама қорытындысы жарияланды
АЛМАТЫ, 11 қараша — Sputnik. Қостанай облыстық полиция департаменті 6 жасар егіз баланың өліміне қатысты сот медициналық сараптама қорытындысын жариялады, деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Сараптама қорытындысы бойынша егіз бала уланып қайтыс болған. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайын толығырақ анықтайтын тағы бір сараптама жүргізу туралы шешім қабылданды. Бұған дейін "балалар есірткіден уланған болуы мүмкін" деген қауесет тараған болатын.
"Әлеуметтік желіде тараған балалар есірткіден уланды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Кез келген жалған ақпарат үшін заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған", - деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл жолғы сараптама қорытындысын жариялаған полиция "егіз бала есірткі затынан уланды" деген ақпаратты екінші мәрте жоққа шығарды.
Еске сала кетсек, Қостанай облысы Рудныйда алты жасар егіз балалар ауруханадан шыққан соң 12 сағаттан кейін қайтыс болды.
Айта кетері, балалар дәрігерлер бақылауында 1-ақ күн болған.