Оқиға

Өскеменде алты бірдей мектептің оқушылары мен мұғалімдері шұғыл эвакуацияланды

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем және полиция көлігі
Жедел жәрдем және полиция көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Өскемен қаласында алты бірдей мектепте жарылғыш зат бар деген жалған ақпарат түсті. Полиция барлық білім беру мекемесін тексеріп шықты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Ресми мәліметке сәйкес, хабарлама бүгін сағат 10:41-де түскен.
"Осыдан кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына кетті. Нысандар тексерілді, қауіпті заттар табылған жоқ", - дейді полицейлер.
Тексеріс шаралары кезінде алты мектептің оқушылары мен қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды. Әлеуметтік желіде қаладағы 11-ші және 16-шы мектептің жанында түсірілген видео тарады.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалған хабарлама таратқан адамдар анықталып жатыр.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кәмелет жасқа толмаған бала жасаса, ата-анасы немесе заңды өкілі жауап береді.
Жаңалықтар
0