https://sputnik.kz/20221107/toqaev-ulttyq-mudde-aspen-de-taspen-de-qorgaymyz-29107059.html
Тоқаев: ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғаймыз
Тоқаев: ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғаймыз
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет Тәуелсіздікті қорғау үшін бәріне дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда. 07.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-07T13:47+0500
2022-11-07T13:47+0500
2022-11-07T13:47+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27204173_0:0:3123:1756_1920x0_80_0_0_9871ccbdab08d3422e19ca9d4bec6f1c.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет Тәуелсіздікті қорғау үшін бәріне дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.Президент соңғы бірер айда еліміздің мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне кибершабуыл жасала бастағанын еске салды. Айтуынша, мұндай әрекеттер, әсіресе, қазіргі науқан кезінде көп болды.Ол елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке айналамыздағы геосаяси ахуалдан бөлек, өз ішіміздегі ахуал да айрықша әсер ететінін атап өтті."Елге іріткі салып, алауыздық туғызатындар өз ішімізде де, сыртта да бар. Әр нәрсеге немқұрайлы қарап, жайбарақат жүруге болмайды", - деді мемлекет басшысы.Президент отаншылдық құр сөзден емес, нақты істен көрінетінін қадап айтты."Өзінің келешегіне сенімді халық мықты мемлекет құра алады. Сол себепті, мен өзімнің әрбір сөзімде ел бірлігін сақтау туралы айтып отырамын. Жөнсіз талас-тартысты доғару қажет. Мұны кейбір саясаткерлер ішкі тұрақтылықты, береке-бірлікті бұзу үшін пайдаланады. Оған жол бермеу үшін әрбір азаматымыз, ең алдымен, адал еңбек етіп, елдің дамуына өз үлесін қосуы керек. Ашығын айтсақ, қоғамда өнімді еңбектен гөрі саясат туралы бос әңгімелерге әуес болғандар көбейіп бара жатыр. Бұл – дұрыс емес", - дейді Тоқаев.Президент өскелең ұрпақтың бойына, ең алдымен, еңбекқорлық, отаншылдық, жанашырлық сияқты қасиеттерді сіңіруге шақырды."Сонда ғана бәсекеге қабілетті ұлт әрі мықты мемлекет боламыз. Соңғы жылдары елімізде қолға алынған ауқымды шаралардың бәрі осы мақсатты көздейді", - деді мемлекет басшысы.Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.
https://sputnik.kz/20221107/mangystau-zhurty-qantar-oqigasy-29103591.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27204173_186:0:2917:2048_1920x0_80_0_0_142c309f409479cabdb6e37422fa4bc1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет Тәуелсіздікті қорғау үшін бәріне дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.
Президент соңғы бірер айда еліміздің мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне кибершабуыл жасала бастағанын еске салды. Айтуынша, мұндай әрекеттер, әсіресе, қазіргі науқан кезінде көп болды.
"Біз бұған жол бермейміз, жалған ақпараттың таратылуына тыйым саламыз. Біз қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғау үшін бәріне дайынбыз. Мен бұған дейін "Ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғаймыз" деген едім. Бұл қағидатымыз ешқашан өзгермейді", - деді Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу барысында.
Ол елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке айналамыздағы геосаяси ахуалдан бөлек, өз ішіміздегі ахуал да айрықша әсер ететінін атап өтті.
"Елге іріткі салып, алауыздық туғызатындар өз ішімізде де, сыртта да бар. Әр нәрсеге немқұрайлы қарап, жайбарақат жүруге болмайды", - деді мемлекет басшысы.
Президент отаншылдық құр сөзден емес, нақты істен көрінетінін қадап айтты.
"Өзінің келешегіне сенімді халық мықты мемлекет құра алады. Сол себепті, мен өзімнің әрбір сөзімде ел бірлігін сақтау туралы айтып отырамын. Жөнсіз талас-тартысты доғару қажет. Мұны кейбір саясаткерлер ішкі тұрақтылықты, береке-бірлікті бұзу үшін пайдаланады. Оған жол бермеу үшін әрбір азаматымыз, ең алдымен, адал еңбек етіп, елдің дамуына өз үлесін қосуы керек. Ашығын айтсақ, қоғамда өнімді еңбектен гөрі саясат туралы бос әңгімелерге әуес болғандар көбейіп бара жатыр. Бұл – дұрыс емес", - дейді Тоқаев.
Президент өскелең ұрпақтың бойына, ең алдымен, еңбекқорлық, отаншылдық, жанашырлық сияқты қасиеттерді сіңіруге шақырды.
"Сонда ғана бәсекеге қабілетті ұлт әрі мықты мемлекет боламыз. Соңғы жылдары елімізде қолға алынған ауқымды шаралардың бәрі осы мақсатты көздейді", - деді мемлекет басшысы.
Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.