Әлем

Танзанияда ұшақ көлге құлады: 19 адам қаза болды

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2022
Жазылу
Көз жұмғандар арасында экипаж мүшелері мен жолаушылар бар
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Танзанияда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар саны 19 адамға дейін өсті, деп хабарлайды РИА Новости Citizen газетіне сілтеме жасап.
"Жексенбі күні таңертең Precision Air ұшағы Виктория көліне құлап, 19 адам көз жұмды. Ұшақ Букоба әуежайына қонуға дайындалып жатқан", - деп жазды басылым.
Citizen мәліметінше, құрбандар санын оқиға орнына барған премьер-министр Кассим Маджалива растаған.
Айта кетері, Танзанияда Дар-эс-Саламнан Букобаға ұшқан ұшақ апатқа ұшырады. Әуе кемесі Виктория көліне құлаған.
Оқиға орнына құтқару командасы жіберілді. Апатқа ауа райының нашарлауы себеп болған.
Жаңалықтар
0