https://sputnik.kz/20221102/uyden-shyguga-qorqamyn-almatylyq-zhas-ana-arasha-surady-28961252.html
"Үйден шығуға қорқамын": Алматылық жас ана өз өмірі үшін алаңдап отыр
"Үйден шығуға қорқамын": Алматылық жас ана өз өмірі үшін алаңдап отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйел әділдік іздеп жүр. Алматылық Арайлым Жексембекова бұған дейін әлеуметтік желіде... 02.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-02T07:34+0500
2022-11-02T07:34+0500
2022-11-02T07:36+0500
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14982417_0:14:1198:688_1920x0_80_0_0_f90d7ec4a56d7b76eee214a9ee2a4824.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйел әділдік іздеп жүр. Алматылық Арайлым Жексембекова бұған дейін әлеуметтік желіде нашақор күйеуінің ұрып-соғатынын, өлтіремін деп қоқан-лоқы көрсететінін айтып араша сұраған, деп хабарлады "Астана" арнасы.Алайда екі балалы ананың мәселесіне ешкім назар аудармай отырған көрінеді. Өзімнің және балаларымның өмірі үшін қорқамын дейді ол.Арайлым Жексембекова жолдасымен небәрі 1 жылға жуық отасқан. Мамыр айында күйеуі алғаш рет оған қол көтеріп, есінен танғанша ұрыпты. Содан кейін ол әдетке айналды дейді. Көп ұзамай жолдасының есірткі пайдаланатынын білген Арайлым полицияға арыз жазған. Алайда зәбір көрсетуші тек 5-10 күнге қамауға алынады дейді ол.Зәбір көрсетушіге қатысты "Қинау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оның ақыл-есінің дұрыстығын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Бірақ бұл істің тым ұзап кеткені Арайлымды алаңдатып отыр."Бұрынғы жұбайымның полиция қызметкерлері мен медицина саласындағы қызметкерлер арасында таныстары бар. Оның ақыл-есінің дұрыс еместігі анықталса, түрмеге отырмайды. Ол кез-келген медициналық қорытындыны жасатып алуға қауқарлы. Іс қашан аяқталатынын да ешкім айтпайды. Полиция қызметкерлері бейғам, тіпті, бұрынғы жұбайымның тарабын қолдап отыр", - дейді жәбірленуші.Ал полицияның жауабы қысқа. "Барлығы заңға сәйкес жүріп жатыр",- дейді."Соталды бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі азамат міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14982417_125:0:1192:800_1920x0_80_0_0_19faf6f1440b16792ceb3e5ef5e6150a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорлық-зомбылық
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйел әділдік іздеп жүр. Алматылық Арайлым Жексембекова бұған дейін әлеуметтік желіде нашақор күйеуінің ұрып-соғатынын, өлтіремін деп қоқан-лоқы көрсететінін айтып араша сұраған, деп хабарлады "
Астана" арнасы.
Алайда екі балалы ананың мәселесіне ешкім назар аудармай отырған көрінеді. Өзімнің және балаларымның өмірі үшін қорқамын дейді ол.
Арайлым Жексембекова жолдасымен небәрі 1 жылға жуық отасқан. Мамыр айында күйеуі алғаш рет оған қол көтеріп, есінен танғанша ұрыпты. Содан кейін ол әдетке айналды дейді. Көп ұзамай жолдасының есірткі пайдаланатынын білген Арайлым полицияға арыз жазған. Алайда зәбір көрсетуші тек 5-10 күнге қамауға алынады дейді ол.
"Жүкті болғаныма қарамастан ол менің ішімнен теуіп, суға батыруға тырысты. Үйде байлап ұстады. Істемегені жоқ. Жұбайым қарсы болғанымен, сот арқылы ажырастық. Бірақ ол мені аңдып, қоқан-лоқы көрсетуін тоқтатқан жоқ. Жақында ғана босандым. Қазір, тіпті, үйден шығуға қорқамын", - дейді Арайлым Жексембекова.
Зәбір көрсетушіге қатысты "Қинау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оның ақыл-есінің дұрыстығын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Бірақ бұл істің тым ұзап кеткені Арайлымды алаңдатып отыр.
"Бұрынғы жұбайымның полиция қызметкерлері мен медицина саласындағы қызметкерлер арасында таныстары бар. Оның ақыл-есінің дұрыс еместігі анықталса, түрмеге отырмайды. Ол кез-келген медициналық қорытындыны жасатып алуға қауқарлы. Іс қашан аяқталатынын да ешкім айтпайды. Полиция қызметкерлері бейғам, тіпті, бұрынғы жұбайымның тарабын қолдап отыр", - дейді жәбірленуші.
Ал полицияның жауабы қысқа. "Барлығы заңға сәйкес жүріп жатыр",- дейді.
"Соталды бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі азамат міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.