Пойыздардың төменгі орны 20% қымбат болады

© пресс-служба АО "Пассажирские перевозки"Пойыз
Пойыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Жазылу
Ұлттық тасымалдаушы коммерциялық пойыздардың үстіңгі орындарына 20% жеңілдік енгізбек
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. 1 желтоқсаннан бастап кейбір коммерциялық пойыздардың төменгі орны 20% қымбат болады. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
"Пилоттық режимде "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жөнелтілетін коммерциялық пойыздар вагондарындағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% болады", - деп хабарлады ҚТЖ.
Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады.
Сараланған тәсіл мына жолаушылар пойыздарында қолданылады:
1. № 111/112 "Алматы – Маңғыстау";
2. № 51/52 "Алматы – Орал";
3. № 105/106 "Алматы-Петропавл";
4. № 71/72 "Астана-Шымкент";
5. № 29/30 "Алматы-Атырау".
Жаңалықтар
0