https://sputnik.kz/20221021/almatyda-aqshany-shetelge-milliondap-tasygandar-sottaldy-28659304.html
Алматыда ақшаны шетелге миллиондап тасығандар сотталды
Алматыда ақшаны шетелге миллиондап тасығандар сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматы жалған шот-фактурамен ақашаны миллиондап ұрлаған қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды... 21.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-21T10:00+0500
2022-10-21T10:00+0500
2022-10-21T10:00+0500
алматы
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматы жалған шот-фактурамен ақашаны миллиондап ұрлаған қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыскерлер 2018-2020 жылдар аралығында өз бақылауындағы 25 компания арқылы 135 млрд теңгеге жуық сомаға жалған шот-фактуралар жазып берген. Соның салдарынан бюджетке 39 млрд теңгенің салығы төленбей қалды. Бұдан бөлек, сатып алушы контрагенттердің бақылауындағы компаниялар шетел компанияларымен жалған шарттар жасасып, қыруар қаражатты республикадан тыс жерлерге шығарылған. Ол ақшаның жалпы сомасы 6,6 млн АҚШ долларды құрайды. Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі кінәлі деп танылды. Олар 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Тергеу кезінде 65 мың АҚШ доллары мен 20 млн теңгеден астам қаражат мемлекет кірісіне қайтарылды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қылмыстық топ
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматы жалған шот-фактурамен ақашаны миллиондап ұрлаған қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыскерлер 2018-2020 жылдар аралығында өз бақылауындағы 25 компания арқылы 135 млрд теңгеге жуық сомаға жалған шот-фактуралар жазып берген. Соның салдарынан бюджетке 39 млрд теңгенің салығы төленбей қалды.
Бұдан бөлек, сатып алушы контрагенттердің бақылауындағы компаниялар шетел компанияларымен жалған шарттар жасасып, қыруар қаражатты республикадан тыс жерлерге шығарылған. Ол ақшаның жалпы сомасы 6,6 млн АҚШ долларды құрайды.
Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі кінәлі деп танылды. Олар 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Тергеу кезінде 65 мың АҚШ доллары мен 20 млн теңгеден астам қаражат мемлекет кірісіне қайтарылды.