Тоқаев Астанаға келген президенттерге: ашық диалогқа оралу аса маңызды

© PhotoКасым-Жомарт Токаев прибыл в Карагандинскую область
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Карагандинскую область - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары саммитінің қатысушыларын ашық диалогқа шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Баршамызды бейбітшілік пен ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Бірақ біздің жасампаз күш-жігерімізге қарамастан әлем қауіпсіз болар емес. Бүгінде біз бұрын-соңды болмаған геосаяси дауыл мен әлемдік экономиканың үдеп бара жатқан дағарысы жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Бұл құбылыс "жаһандық әрекетсіздік" деп аталды", - деді Тоқаев алтыншы саммитте.
Президент 2019 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі саммит өткен уақыттан бері әлемдік қауымдастық ауыр сынақтарды бастан өткізгенін, оның теріс салдары әлі күнге дейін жаһандық дамуға әсер етіп жатқанын атап өтті.
"Менің ойымша, біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет бұрын-соңды болмаған қауіп-қатер алдында халықаралық қатынаста орнықтылыққа қол жеткізу. Көпжақты механизмдерге тың серпін беру және ашық диалогқа оралу аса маңызды. Ең алдымен, жаһандық халықаралық қатынастар жүйесінде Азия континентінің маңызын нығайту мақсатында жаңа әлемдік күн тәртібін қалыптастыруға күш-жігер жұмсау қажет. Сіздер білесіздер, Азия адамзат өркениетінің дамуына орасан зор үлес қосты", - деді Тоқаев.
Главы государств на саммите СВМДА в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2022
Путин АӨСШК және "Ресей-Орталық Азия" саммиттеріне қатысу үшін Астанаға келді
.
Жаңалықтар
0