Қазақстанның АӨСШК ұйымындағы бастамаларын қолдаймыз – Путин

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшылары Астанадағы АӨСШК саммитінде
Мемлекет басшылары Астанадағы АӨСШК саммитінде - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитінде Ресей Қазақстанның ұйымдағы төрағалығының бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Путин Ресей АӨСШК елдерімен қарым-қатынасты одан әрі жалғастыратынын атап өтті.
"Жалпы кеңестегі бірлескен жұмыс позитивті ілгерілеп жатқанын қанағаттана атап өткім келеді. Ресей осы кездесуге жиналған барлық елмен ынтымақтастықты одан әрі дамытады. Біз Қазақстан төрағалығының бастамаларын қолдаймыз", - деді Путин АӨСШК алтыншы саммитінде.
Айта кетері, бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиті өтіп жатыр. Жиынға Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қатысуда.
Главы государств на саммите СВМДА в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2022
АӨСШК елдері жаңа көлік-транзит дәліздерін қалыптастыруы қажет – президент
Жаңалықтар
0