https://sputnik.kz/20221012/almaty-oblysynyn-turgyndary-qoqys-togetin-aumaqqa-shagymdandy-28378660.html
Алматы облысының тұрғындары қоқыс төгетін аумаққа шағымданды
Алматы облысының тұрғындары қоқыс төгетін аумаққа шағымданды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Алматы облысының тұрғындары терезе түбіндегі қоқыс тастайтын орынға шағымданды. Ол Іле ауданындағы тұрғын үйлердің қасында пайда... 12.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-12T08:58+0500
2022-10-12T08:58+0500
2022-10-12T08:58+0500
қоқыс
https://sputnik.kz/img/1016/76/10167632_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_458fd1f4c9a5fef60486f9e0da9e1d00.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Алматы облысының тұрғындары терезе түбіндегі қоқыс тастайтын орынға шағымданды. Ол Іле ауданындағы тұрғын үйлердің қасында пайда болған.Мұнда жүк көліктері тонналап тұрмыстық қалдықтар мен құрылыс материалдарын әкелуі салдарынан ауыл маңында қоқыс тау боп үйіліп жатыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.Зейнеткер Гүлжахан Қалиева немерелері жүк көлігінің астына түсіп кете ме деп алаңдайды. Ауыл тұрғыны күн сайын жүк көліктері тонналап қоқыс әкеліп, оны тұрғын үйлердің маңына төгетінін айтты.Мұнда құрылыс материалдарының қалдықтары, қатты тұрмыстық қалдықтар төгіледі. Тіпті жануарлардың өлекселері де кездесіп жатады. Жергілікті тұрғындар өз денсаулығына алаңдайды. Қоқыс жан-жақтан жеткізіліп жатыр. Тіпті Алматыдан да әкелінетін көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, жергілікті қоқыс аумағы тышқандар мен егеуқұйрықтардың көбею орнына айналған.Ауыл әкімдігі қоқыс тастайтын аумақ жекеменшік иелігінде екенін хабарлады. Шенеуніктер аумақты тазарту қажеттілігі туралы бірнеше рет ескерткенмен, әлі жауап болмаған."Учаскелік инспектормен бірге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Қазір бұл жердің иесіне аумақты толығымен тазарту туралы хат жолдадық. Бүгін экология департаменті мен жер инспекциясы департаментіне тиісті шаралар қабылдау туралы хат жолдап отырмыз", - деді Казцик ауылдық округінің әкімі Бауыржан Жұмабаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1016/76/10167632_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_847f3c579bf9d8d62adf6eed2f9f7dd4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қоқыс
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Алматы облысының тұрғындары терезе түбіндегі қоқыс тастайтын орынға шағымданды. Ол Іле ауданындағы тұрғын үйлердің қасында пайда болған.
Мұнда жүк көліктері тонналап тұрмыстық қалдықтар мен құрылыс материалдарын әкелуі салдарынан ауыл маңында қоқыс тау боп үйіліп жатыр, деп хабарлайды "
Астана" телеарнасы.
Зейнеткер Гүлжахан Қалиева немерелері жүк көлігінің астына түсіп кете ме деп алаңдайды. Ауыл тұрғыны күн сайын жүк көліктері тонналап қоқыс әкеліп, оны тұрғын үйлердің маңына төгетінін айтты.
"Олар күніне бірнеше рет келеді. Дәл қазір 5 камаз келіп кетті. Қоқыстарды мына шұңқырға тастап жатыр. Қоқысты неге дәл осы жерге жинайды? Мұнда адамдар тұрады емес пе? Тыныстайтын ауа жоқ, шаң, сасық иіс", - деді Қалиева.
Мұнда құрылыс материалдарының қалдықтары, қатты тұрмыстық қалдықтар төгіледі. Тіпті жануарлардың өлекселері де кездесіп жатады. Жергілікті тұрғындар өз денсаулығына алаңдайды. Қоқыс жан-жақтан жеткізіліп жатыр. Тіпті Алматыдан да әкелінетін көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, жергілікті қоқыс аумағы тышқандар мен егеуқұйрықтардың көбею орнына айналған.
Ауыл әкімдігі қоқыс тастайтын аумақ жекеменшік иелігінде екенін хабарлады. Шенеуніктер аумақты тазарту қажеттілігі туралы бірнеше рет ескерткенмен, әлі жауап болмаған.
"Учаскелік инспектормен бірге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Қазір бұл жердің иесіне аумақты толығымен тазарту туралы хат жолдадық. Бүгін экология департаменті мен жер инспекциясы департаментіне тиісті шаралар қабылдау туралы хат жолдап отырмыз", - деді Казцик ауылдық округінің әкімі Бауыржан Жұмабаев.