Денсаулық

Ауыл тұрғындары 20 қазаннан бастап медициналық тексерістен өте алады

© Photo : Пресс-служба министерства обороны КазахстанаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2022
Жазылу
НовостиTelegram
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Қазақстанның барлық ауылында 20 қазаннан бастап профилактикалық тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министр коронавирус пандемиясы кезінде шектеу шараларына байланысты ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі төмендегенін атап өтті.
"Соған байланысты ауруларды ерте анықтау және уақтылы емдеу үшін ауқымды профилактикалық қарап-тексерулер енгізілуде. Біз тек профилактикалық тексеріс жүргізіп қана қоймай, әрбір азаматтың денесаулығын бақылап отырамыз. 20 қазаннан бастап ауылдарда профилактикалық медициналық тексерістер бүкіл ел бойынша жүргізіледі", - деді Ғиният мәжілістегі үкімет сағатында.
Айтуынша, Қарағанды облысы Абай ауданы, Ақмола облысы Аршалы ауданы және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында пилоттық жоба басталып кетті.
Жыныстық-жас құрамын, халықтың денсаулығын талдауды ескере отырып, нысаналы топ пен ауыл тұрғындарын скринингтеу қызметтерінің тізбесі кеңейтілді.
Атап айтқанда, 18 жасқа дейін – "Балалар", 18 жастан 29 жасқа дейін –"Жастар", 30 жастан 44 жасқа дейін – "Еңбек-1", 45 жастан 65 жасқа дейін – "Еңбек-2", 66 жастан асқандар – "Зейнеткер" санаттары.
"Профилактикалық қарап-тексерулер жүрек-қан-тамыр жүйесі ауруларының, қант диабетінің, асқазан мен бүйректің созылмалы ауруларының ерте кезеңдерін анықтауға бағытталған", - деді министр.
18 жасқа дейінгі балалар үшін 1 жас, 3 жас, 6 жас және 14 жас аралығындағы зертханалық зерттеулердің қосымша жалпы клиникалық әдістері енгізілді.
Қалалық және ауылдық пациенттерді амбулаториялық деңгейде тең дәрежеде тегін қамтамасыз ету үшін мынадай жағдайлар жасалған:
дәрілік заттар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай тізбесі бойынша беріледі;
ауылда дәрігер болмаған жағдайда фельдшер тегін рецепт жазып беруге құқылы;
дәріхана жоқ ауылдарда дәрілік заттарды медицина қызметкері медициналық-санитарлық алғашқы көмек объектілері арқылы, сондай-ақ жылжымалы дәріхана пунктері арқылы тегін жібереді.
Жаңалықтар
0