Қоғам

Қант бір жылда 87%-ке қымбаттады

© Photo : пресс- служба акимата Алматинской областиҚант
Қант - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2022
Жазылу
Ресейден қант импорты 42,5%-ке қысқарған, есесіне Бразилиядан жеткізілген шикізат көлемі өсті
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанда бір жыл ішінде қант шамамен 87 пайызға қымбаттады. Ал өндіріс 9%-ке өскен, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Биыл шілде айында елімізде қанттың бір келісі орта есеппен 537 теңге тұрды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 86,6%-ке көп.
Қымбатшылық Жамбыл облысында қатты сезілді: бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 2,2 есе артық. Антилидер үштігіне Алматы мен Қарағанды облысы кірді.
Бағаның ең төмен өсімі елордада тіркелген: плюс 58,3%.
Ірі қалалар арасында ең қымбат қант Алматыда (бір келісі 581 теңге), Қонаевта (555 теңге) және Атырауда (554 теңге) сатылды. Ең төмен баға Ақтөбеде (449 теңге) тіркелді.
Қаңтар-шілде айларында республикада 149,1 мың тонна қант өндірілді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ке көп.
Импорт үлесі тиісінше 52%-тен 42,9%-ке дейін төмендеді. Елге 63,5 мың тонна қант жеткізілді, бір жылда минус 38,9%.
2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында Қазақстанға 126,4 млн долларға 210,6 мың тонна құрақ және қызылша қанты, сондай-ақ қатты күйдегі химиялық таза сахароза жеткізілді. Заттай мәнде көлем 11,3%-ке қысқарса, ал ақшалай мәнде, керісінше, 15,3%-ке өскен.
Қазақстан ТМД елдерінен 65,3 мың тонна қант пен сахароза тасымалдады – бір жыл бұрынғыға қарағанда 45,7%-ке аз. Импорттың негізгі көлемі Ресейден әкелінді – 62,4 мың тонна, бір жылда 42,5%-ке азайып кеткен.
Ал ТМД құрамына кірмейтін елдерден республикаға 145,3 мың тонна қант жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,9%-ке артық. Қанттың негізгі көлемі Бразилиядан тасымалданды: 107,7 мың тонна, жылдық өсім – 24,1%.
Қант - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2022
Қант неге қымбат: шенеуніктердің қылмысы әшкереленді
Жаңалықтар
0