Өңірлер

Қызылордада 93 млн теңгенің дизель отынын заңсыз сатқан кәсіпкер түрмеге қамалды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында мұнай өнімдерін көтерме саудада заңсыз сатқан жеке кәсіпкер сотталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, кәсіпкер 4 тонна дизель отынын тиісті құжаттарсыз сатып жатқан жерінен ұсталды. Ал тергеу барысында оның бұған дейін құны 93 млн теңге болатын тағы 402 тонна жанармай сатқаны анықталды. Алайда ол жанар-жағармайды заңды жолмен алғанын растай алмаған.
"Жеке кәсіпкер мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжатсыз көтерме саудада өткізгені үшін 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
ҚМА азаматтардан мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, агенттіктің сенім телефонына және аумақтық департаменттеріне хабарлауды сұрады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Қоғам
Кәсіпорын 3,5 мың тонна мұнай өнімдерін Қазақстаннан заңсыз шығармақ болды
Жаңалықтар
0