https://sputnik.kz/20220811/sharualarga-arnalgan-arzan-dizeldi-satyp-zhibergen-tergeu-bastaldy-26647829.html
Шаруаларға арналған арзан дизелді сатып жіберген: тергеу басталды
Шаруаларға арналған арзан дизелді сатып жіберген: тергеу басталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында шаруаларға арналған мыңдаған тонна арзан дизель отыны қымбат бағамен сатылған, деп хабарлайды Sputnik... 11.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-11T10:37+0500
2022-08-11T10:37+0500
2022-08-11T10:37+0500
диқандар
https://sputnik.kz/img/834/24/8342447_0:243:3076:1973_1920x0_80_0_0_8887c64083d6384e3f0caf9760e74ab4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында шаруаларға арналған мыңдаған тонна арзан дизель отыны қымбат бағамен сатылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысындағы департаменті прокурорлармен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын өткізген. Сол кезде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге арзандатылған дизель отынын жеткізумен айналысатын операторлардың заңсыз әрекеті анықталды."Мәселен, 2020-2021 жылдары жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан астам төмендетілген бағамен дизель отынын алған ЖШС ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бар болғаны 10,3 мың тоннасын жеткізген. Ал қалған 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын серіктестікке тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 миллион теңге көлемінде қосымша кіріс тапқан", - дейді агенттік мамандары.Осылайша жеке меншік фирма шаруаларға арналған арзан дизель отынын ұрлап, жоғары бағамен сатып жіберген. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.Агенттік мұнай өнімдерін заңсыз экспорттау мен алыпсатарлыққа тосқауыл қою жұмыстары жалғасатынын хабарлады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/834/24/8342447_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_37352fd227dae70a733b89fe86c82bcf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
диқандар
Шаруаларға арналған арзан дизелді сатып жіберген: тергеу басталды
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында шаруаларға арналған мыңдаған тонна арзан дизель отыны қымбат бағамен сатылған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысындағы департаменті прокурорлармен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын өткізген. Сол кезде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге арзандатылған дизель отынын жеткізумен айналысатын операторлардың заңсыз әрекеті анықталды.
"Мәселен, 2020-2021 жылдары жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан астам төмендетілген бағамен дизель отынын алған ЖШС ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бар болғаны 10,3 мың тоннасын жеткізген. Ал қалған 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын серіктестікке тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 миллион теңге көлемінде қосымша кіріс тапқан", - дейді агенттік мамандары.
Осылайша жеке меншік фирма шаруаларға арналған арзан дизель отынын ұрлап, жоғары бағамен сатып жіберген. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Агенттік мұнай өнімдерін заңсыз экспорттау мен алыпсатарлыққа тосқауыл қою жұмыстары жалғасатынын хабарлады.