Өңірлер

Ақтөбе маңындағы ауыл тұрғындары екі жыл бойы шаң арасында тұруға мәжбүр

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЖол жөндеу
Жол жөндеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2022
Жазылу
Ясное кентінің жанындағы жолды жөндеу ұзаққа созылды. Осымен екінші жыл жергілікті тұрғындарға қолайсыздық тудырып отыр
АЛМАТЫ, 11 тамыз — Sputnik. Ақтөбе маңындағы Ясное кентінің тұрғындары екінші жыл шаң арасында өмір сүруге мәжбүр. Себебі ауыл арқылы өтетін "оңтүстік айналма жолы" жөнделіп жатыр.
Жұмысшылар екінші жыл бойы жұмысын аяқтай алмай жүр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жолдың құрылысы оларға көптеген қиындық тудырады, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Құрылыс техникасынан көтерілетін шаңнан басқа, жол жөнделіп жатқан учаскені ондаған жүк көлігі маңындағы көшелермен айналып өтеді, дейді жергілікті тұрғын Гүлжамал Жалғасбаева.
Әйел тәулік бойы дем алуға тура келетін шаң денсаулыққа зиянын тигізеді деп алаңдайды.
"Біз екінші жыл бойы терезелерді ашпаймыз, бөлмелерге ауа кірмейді. Ал балалар көшеде ұзақ уақыт ойнамайды, бұл мүмкін емес. Біздің жолымызды жүк көліктері бұзды. Әйтеуір газ құбырларына әлі зақым келген жоқ", - дейді әйел.
Ясное кенті арқылы өтетін "Оңтүстік айналма жолының" шағын учаскесін жөндеу жұмыстары былтыр көктемде басталды. Жолдың бір жарым шақырымы асфальтталды, тағы бір шақырым тапсыруға дайындалып жатыр, деп хабарлады салалық ведомство.
Олар қыркүйек айының соңына дейін жабынды төсеуді аяқтауды жоспарлап отыр. Әрі қарай учаскені абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
"Инженерлік желілерді қайта құруда бірқатар мәселе туындады. Жоба 2016 жылы жасалғандықтан, бізде бір учаскеде үш инженерлік желі қарастырылған. Ал іс жүзінде 10-нан астам инженерлік желі таптық, бұл жұмыс уақытты алады. Мердігер ұйыммен де проблема болды, бірақ біз бәрін реттедік. Жұмыс тоқтаусыз, демалыссыз жүріп жатыр", - деп түсіндірді өңірдің жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының басшысы Айбек Қайыр.
Жаңалықтар
0