Абай екі мәдениеттің жақындасуына өлшеусіз үлес қосты – Орыс үйінің басшысы

© Photo : Пресс-служба Русского дома в Нур-Султане Ұлы ақынның туған күніне орай "Абай тағылымы" мерекесі өтті
Ұлы ақынның туған күніне орай Абай тағылымы мерекесі өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2022
Жазылу
Ресей елшілігі мен Россотрудничество өкілдігінің қызметкерлері Нұр-Сұлтандағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасында ұлы ақынның туған күніне орай "Абай тағылымы" мерекесі өтті.
Іс-шараның ашылуында Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің басшысы Ольга Филонова Абай Құнанбаевтың туған күні Қазақстанның мәдени және қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі екенін атап өтті.
© Photo : Пресс-служба Русского дома в Нур-Султане Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің басшысы Ольга Филонова
Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің басшысы Ольга Филонова - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2022
Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің басшысы Ольга Филонова
"Бірақ Ресей үшін де бұл дата әрқашан үлкен маңызға ие болды, өйткені ұлы ақын әрі ойшыл орыс және қазақ мәдениеттерін жақындастыруға, біздің халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға баға жетпес үлес қосты", - деп мәлімдеді елордадағы Орыс үйінің басшысы.
Ол кеше Мәскеудегі Чистопрудный бульварындағы Абай ескерткішінің жанында 10 қазақстандық орыс тілі маманы жиналғанын айтты. Олар Россотрудничество мен Орыс гуманитарлық миссиясы ұйымдастырған "Қазақстандағы орыс тілі – жаңа көкжиектер" халықаралық байқауының жеңімпазы атанған.
Жаңалықтар
0