https://sputnik.kz/20220810/almaty-oblysynda-qatardagy-zhauynger-26622997.html
Алматы облысында қатардағы жауынгер қайтыс болды
Алматы облысында қатардағы жауынгер қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз — Sputnik. Алматы облысының 5571 әскери бөлімінің әскери жауынгері қатты дауыл кезінде қайтыс болды. 10.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-10T08:55+0500
2022-08-10T08:55+0500
2022-08-10T08:55+0500
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/24/92/249261_0:599:1511:1449_1920x0_80_0_0_296a512bf249ee07f717c81d8c7cbc6d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз — Sputnik. Алматы облысының 5571 әскери бөлімінің әскери жауынгері қатты дауыл кезінде қайтыс болды. Бірден медициналық көмек көрсетіліп, жауынгер Қонаев қаласындағы медициналық мекемеде жеткізілді. Әскери қызметші ауруханада қайтыс болды."Өзінің жанқиярлық іс-әрекеттерімен қатардағы жауынгер А.Н.Шахимов жолдастарын құтқарып қалды. Алайда өзі басынан ауыр жарақат алды", - делінген хабарламада. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Ұлттық ұланының бас қолбасшылығы мен "Оңтүстік" өңірлік басшылығы қатардағы жауынгер А.Шахимовтың ата-анасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. А.Шахимов 2003 жылы туылған. 2022 жылдың көктемінде Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен Отан алдындағы борышын өтеуге шақыртылған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/24/92/249261_0:458:1511:1591_1920x0_80_0_0_1dd771b3987235f2560284a919477a97.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз — Sputnik. Алматы облысының 5571 әскери бөлімінің әскери жауынгері қатты дауыл кезінде қайтыс болды.
"5571 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жедел мақсаттағы 1-батальонның жеке құрамы 8-13 тамыз аралығында 5574 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығында далалық шығуда болды. 9 тамызда сағат 20.55 шамасында қатты дауыл басталып, жел соғып, тігілген шатырлар қирай бастады. Қатардағы жауынгер А. Н.Шалимов өз әріптестеріне қауіпсіз жерге эвакуациялауға көмектесіп жүрген. Сол кезде шатырдың металл жақтауына басын соғып, жарақат алды", - деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Бірден медициналық көмек көрсетіліп, жауынгер Қонаев қаласындағы медициналық мекемеде жеткізілді. Әскери қызметші ауруханада қайтыс болды.
"Өзінің жанқиярлық іс-әрекеттерімен қатардағы жауынгер А.Н.Шахимов жолдастарын құтқарып қалды. Алайда өзі басынан ауыр жарақат алды", - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Ұлттық ұланының бас қолбасшылығы мен "Оңтүстік" өңірлік басшылығы қатардағы жауынгер А.Шахимовтың ата-анасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
А.Шахимов 2003 жылы туылған. 2022 жылдың көктемінде Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен Отан алдындағы борышын өтеуге шақыртылған болатын.