Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Торонтодағы турнирді жеңіспен бастады

© AFP 2024 / TIZIANA FABIЕлена Рыбакина
Елена Рыбакина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2022
Жазылу
Қазақстан ерлер құрамасының лидері Александр Бублик бірінші раундта әлемнің 46-ракеткасы америкалық Дженсон Бруксбиден жеңіліп қалды
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Әлемнің 27-ші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Торонтодағы "Мастерс" турнирінде WTA рейтингісінде 47-ші сатыда тұрған чех Мария Бузкованы 7:5, 6:7 (3), 6:1 есебімен жеңді.
Кездесу үш сағаттан астам уақытқа созылды. Қазақстандық жеке кездесулерде басымдылықты нығайтты – 3:0.
Сайыстың екінші кезеңінде Елена Кори Гоффпен немесе Мэдисон Бренглмен ойнайды.
Әлемдік рейтингіде 46-шы орында тұрған тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева канадалық Кэтрин Себовты (299 WTA) жеңді – 3:6, 6:2, 7:5. Келесі айналымда Юлия испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.
Торонтода Қазақстан ерлер құрамасының лидері Александр Бублик бірінші айналымда әлемнің 46-шы ракеткасы америкалық Дженсон Бруксбиден екі сетте ұтылды – 2:6, 3:6.
Жаңалықтар
0