Кәсіпкерді не үшін өлтіргені белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Өткен сенбіде Оралда кәсіпкерді өлтіруге тұрмыстық мәселе басты себеп болған, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Куәгерлер жауабына сәйкес кәсіпкер жалақы төлемеген, ал күдіктілер оның қарамағындағы жұмысшылар болған, деп хабарлады "Уральская неделя".
"Күдіктінің уахабизм немесе басқа деструктивті діни ағымды ұстанатыны, сондай-ақ радикалды идеяларды таратқаны туралы ақпарат жоқ", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарланғандай, 6 тамыз күні сағат 20:00 шамасында 48 жастағы Еркін Мұханғалиевті өлтіріп кетті. Ол пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Марқұм "Гульчатай" дәмханасы (бұрынғы "Астория" мейрамханасы) мен "Махаббат" мейрамханасының қожайыны болған.
Кісі өлтірді деген күдікпен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге іздеу жарияланды.
Іздеу жұмыстарына облыстық полиция департаментінің барлық күші мен құралы жұмылдырылған.
"Күдіктілердің ықтимал немесе нақты қайда екені туралы ақпарат болса, 102 пультіне немесе 98-45-30 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз. Ақпарат ұсынған адамның жеке тұлғасы құпия сақталатынына кепілдік беріледі", - деп полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына үндеу жариялады.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2022
Оралда кәсіпкерді өлтіріп кетті – күдіктілер туралы ақпарат жарияланды
Жаңалықтар
0