Өңірлер

Атыраулық дәрігерлер салмағы 800 грамм нәрестені құтқарды

© Photo : pixabay.comНәрестенің қолы
Нәрестенің қолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз - Sputnik. Атырау облыстық перинаталдық орталығында салмағы 800 грамм қыз дүниеге келді. Бала жүктіліктің 26-шы аптасында туған. Ауыр хәлде болғандықтан, ауруханада 65 күн жатты. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды, деп жазады atpress.kz.
© Photo : Медиа-издание ATPress.kz Ясина ауруханада 65 күн жатты
Спасение малышки - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
Ясина ауруханада 65 күн жатты
Ясина басында жансақтау бөлімінде жатты, дейді қыздың анасы Айзада Қайратова.
"Мен 26 шілдеде Атырау облыстық перинаталдық орталығына қатты толғақпен келдім. Қызым 27 шілдеде таңғы сағат он шамасында 800 грамм болып туды. Мен түні бойы ұйықтай алмадым. Келесі күні таңертең жансақтау бөліміне бардым. Вакуумд, аппараттар мен мониторлар ортасында жатқан қызымды көріп, көзіме жас келді. Қызымды жылы орап қойған", - деді Айзада Қайратова.
Оның айтуынша, қызы ұзақ уақыт өкпені жасанды желдету аппаратыментыныс алған. Содан кейін маскада болған. Қазір Ясина 1 жасқа толды.
"Ясина қазір еңбектейді. Ақылды бала болып өсіп келеді. Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлеріне шын жүректен алғысымды білдіремін", - деді анасы.
Жүкті әйел - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Өңірлер
Өңірлерде "Құрсақтағы нәрестені қорғау" орталықтары құрылады
Жаңалықтар
0