Алматыда полицей әйелді қағып өлтірді

© Sputnik / Владислав ВодневИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматыда полиция көлігі әйелді қағып өлтіргені туралы бейнежазба тарады. Видеода келтірілген ақпаратты Алматы полиция департаменті растады, деп жазды Sputnik Қазақстан.
Ведомство мәліметінше, жол апаты кеше, 3 тамыз күні түнгі 23.25-те болған.
"Хюндай" маркалы қызметтік көліктің жүргізушісі, патрульдік полиция полкінің қызметкері 1993 жылы туған Т. есімді азамат Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесімен қиылысқан жерде 49 жастағы әйелді қағып кеткен. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында қаза тапты", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Жүргізуші ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтар
0