Қазақстан ауылдарының 40 процентінде орталық су құбыры жоқ

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуОтключение воды, архивное фото
Отключение воды, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстан ауылдарының 40 процентінде әлі күнге дейін орталық су құбыры жоқ, деп хабаралады "Хабар 24" арнасы.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуаңтыровтың айтуынша, ел халқының 96% таза ауызсумен қамтамасыз етілген.
Ведомство басшысының мәлімдемесі қоғамда сұрақ тудырды, өйткені сумен қамтуға қатысты шағым саны күннен күнге артуда.
Министрдің айтуынша, барлық қазақстандықтар суды қандай да бір дәрежеде құдықтар арқылы алып, өз ұңғымаларын жасайды.
"Сумен қамту... Егер жергілікті кен орны болса, онда жақсы. Егер жоқ болса, онда адамдар ол жерден кетуіне мәжбүр болады. Бізде жыл сайын бірнеше ауылдар осылай босап жатыр", – деп атап өтті ұлттық экономика министрлігінің аймақтық даму департаментінің директоры Дәурен Жамбайбек.
Оның айтуынша, елдегі барлық елдімекенге су тарту мүмкін емес және оның қажеті де жоқ.
Маман инфрақұрылымды жүргізуден гөрі, адамдарды ірі ауылдарға көшіру тиімдірек болады.
Жаңалықтар
0