Министр АЭС салынатын технологияға қатысты шешім әлі қабылданбағанын айтты

© Photo : Пресс-служба государственной корпорации по атомной энергии "Росатом"архив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2022
Жазылу
Министрдің айтуынша, елде атом электр станциясын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін білікті мамандар жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Энергетика министрлігі Болат Ақшолақов Қазақстан АЭС салу үшін Франция, Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея және БАӘ технологияларын қарастырып жатқанын жеткізді.
Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында ведомство басшысы технологияға қатысты таңдау әлі жасалмағанын айтты.
"Бізге барлық жақсы-жаман жақтарын қарастыру қажет. Бірнеше нұсқа бар: мемлекет өзі салады немесе технологияларға лизенция береді. Қауіпсіздік және сейсмикасына қатысты сауалдарды зерттеуді әлі де жалғастырамыз. Бірақ біз АЭС салатын алаңды таңдаған сияқтымыз. Ол Үлкен ауылы. Бұған дейін бес технология ұсынылған қысқа тізім болды. АҚШ технологиясын біз қарастырмаймыз", – деді министр.
Ол станцияны салып қана қоймай, қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, жергілікті қызметкерлерді үйрету керектігін айтты.
"Қазақстанда АЭС жоқ, сол себептен дайын кадр жоқ. Ал бір станция үшін тұрақты түрде екі мың адам жұмысқа тартылуы тиіс. Бұл тек қатардағы қызметкерлер емес, олар физикадан өте кең және жан-жақты білімге ие. Сондықтан қандай да бір кезеңде біз сырттан кадр әкелуге келіскенімізбен, бізге өз кадрларымызды дайындау қажет болады", – деп қосты министр.
Министрдің сөзінше, Қазақстанда станцияның құрылысы басталғанша білікті мамандар пулы жасақталады.
Жаңалықтар
0