Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украин астығы: 26 мың тонна жүгері тиелген кеме Одесса портынан аттанды

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиКукуруза, иллюстративное фото
Кукуруза, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. 26 мың тонна жүгері тиелген алғашқы кеме Одесса портынан шығып, Ливанға бет алды, деп хабарлайды РИА Новости Украинаның инфрақұрылым министрлігіне сілтеме жасап.
Дүйсенбі күні таңертең CNN Turk Украина портынан астық тиелген алғашқы кеменің жолға шыққанын хабарлады.
"Сьерра-Леоне туы ілінген RAZONI кемесі 26 мың тонна украин жүгерісімен Ливандағы Триполи портына бет алды", - деп жазылған инфрақұрылым министрлігінің Telegram-арнасында.
Экспорттың қайта жандануы Украина экономикасына кемінде 1 миллиард доллар валюталық кіріс болуына мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.
Астық тиелген тағы 16 кеме өз кезегін күтіп тұр. Киев алдағы апталарда Украина порттары арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін тиеудің толық қуатына жетеді деп күтіп отыр, деп хабарлады инфрақұрылым министрі Александр Кубраков.
"Одесса порттарында қазірдің өзінде тағы 16 кеме өз кезегін күтіп тұр. Бұл – ауқымды басып алу басталғаннан бері тұралап қалған кемелер. Агроөнімдерді тиеу үшін жаңа кемелердің келуіне өтініштер қабылдайтын боламыз. Алдағы апталарда серіктестеріміздің қолдауымен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта тиеу бойынша толық қуатқа қол жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деп инфрақұрылым министрлігі өз Telegram-арнасында Кубраковтың сөзін келтірді.
22 шілдеде Ыстамбұлда ресейлік өнімді экспортқа шығаруғы қойылған шектеулерді алып тастау және Украина астығын экспорттауға Ресейдің көмегі туралы көпжақты келісімдерге қол қойылды. Ресей, Түркия, Украина және БҰҰ өкілдері қол қойған келісім Украина астығын, азық-түлік пен тыңайтқышты Қара теңіз арқылы үш порттан, соның ішінде Одессадан экспорттауды қарастырады.
Жаңалықтар
0