https://sputnik.kz/20220720/nur-sultan-sary-aymaq-shekteuler-26231029.html
Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа жақындады – қалада қандай шектеулер енгізілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа жақындады – қалада қандай шектеулер енгізілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Бас санитардың айтуынша, астанада "омикрон" штамының таралуына байланысты эпидемиологиялық ахуал нашарлап, күрделі болып отыр 20.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-20T13:31+0500
2022-07-20T13:31+0500
2023-08-09T12:22+0500
коронавирус
астана
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1e/18279468_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_a77dc3b554f33cb23601502cd24d9ce6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймаққа кірсе, бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгінде астана "жасыл" аймаққа кіреді. Дегенмен ведомствоаралық комиссияның соңғы шешіміне сәйкес, жабық ғимараттарда және қоғамдық көлікте бетперде киіп жүру керек. Ал "сары" аймақта қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Бас санитардың айтуынша, астанада "омикрон" штамының таралуына байланысты эпидемиологиялық ахуал нашарлап, күрделі болып отыр. 22 маусым мен 5 шілде аралығында 414 жағдай тіркелсе, соңғы екі аптада (6 шілде мен 19 шілде аралығында) КВИ-дің 3970 жағдайы тіркелді. Осылайша сырқаттанушылық деңгейі 9,5 есеге артты. Тәулік сайын тіркелетін науқастардың саны 600 адамға жақындады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1e/18279468_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_00dc2a1174776696846e81718f55c67d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, астана
Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа жақындады – қалада қандай шектеулер енгізілуі мүмкін
13:31 20.07.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Бас санитардың айтуынша, астанада "омикрон" штамының таралуына байланысты эпидемиологиялық ахуал нашарлап, күрделі болып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймаққа кірсе, бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде астана "жасыл" аймаққа кіреді. Дегенмен ведомствоаралық комиссияның соңғы шешіміне сәйкес, жабық ғимараттарда және қоғамдық көлікте бетперде киіп жүру керек. Ал "сары" аймақта қосымша шектеу шаралары енгізіледі.
"Соның ішінде науқаспен байланыста болған және вакцина салуға болмайтын адамдарды қашықтан жұмыс форматына ауыстыру бар. Қазір жабық ғимараттарда бетперде киюге кеңес беріліп отыр. Ал "сары" аймақта бетперді режимі барлық нысан – сауда-ойын сауық орталықтарда, кинотеатрларда, кинозалдарда, бұқаралық шараларда және концерттік залдарда болады. Сондай-ақ, қоғамдық көлікте міндетті түрде киюге ұсыныс жасалады", - деді Бейсенова бүгінгі онлайн брифингте.
Бас санитардың айтуынша, астанада "омикрон" штамының таралуына байланысты эпидемиологиялық ахуал нашарлап, күрделі болып отыр.
22 маусым мен 5 шілде аралығында 414 жағдай тіркелсе, соңғы екі аптада (6 шілде мен 19 шілде аралығында) КВИ-дің 3970 жағдайы тіркелді.
Осылайша сырқаттанушылық деңгейі 9,5 есеге артты. Тәулік сайын тіркелетін науқастардың саны 600 адамға жақындады.