Қоғам

Алматыда 8 миллион долларды шетелге шығармақ болған – ҰҚК

CC0 / pixabay.com / архив фото
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Алматы қаласында миллиондаған долларды шетелге шығару әрекеттеріне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.
"Алматы" шекара бақылау басқармасы мен қаланың көлік-авиациялық прокуратурасы жыл басынан бері 8 000 000 миллион доллардан асатын валютаны Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығаруға тосқауыл қойды", – деп хабарлады ҰҚҚ.
Осы орайда шекара қызметі президенттің қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы жарлықтың бірінші тармағына сәйкес, 10 000 доллардан асатын шетелдік валютаны Қазақстаннан шығаруға болмайтынын еске салды.
Осы талап 14 наурызда енгізілген болатын. Оған сәйкес, алтын құймалары мен монеталарды шығаруға тыйым салынып отыр.
Заң бойынша 10 мың доллардан астам валютаны алып шықпашқы болған адамдар әкімішілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Әкімішілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, жеке тұлағаларға 15 АЕК (45,9 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады. Оған қоса, соттың шешімімен ақша мен тауарлар тәркіленеді.
Жаңалықтар
0