Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Одақтас әскер Северск пен Славянскке шабуылды үдетті

Жазылу
Одақтас әскердің соққыларынан Украина Қарулы күштерінің құрылымдары Северск қаласын қалдырып, солтүстіктен, шығыстан және оңтүстіктен шабуылдың өтінде орналасқан Славянск бағытында шегініп жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Украинаның қарулы құрылымдары қоршауда қалып қоймас үшін Северсктен қала сыртына қарай ығысып жатыр. Шабуылды үдетіп жатқан ресейлік әскер мен Луганск Халық Республикасының күштері солтүстік және оңтүстіктен украин жауынгерлерін қоршауға алуға тырысып жатыр. Северскіден айырылу Украина Қарулы күштері үшін Северский Донец өзенінің оң жағалауындағы маңызды аумақты бақылаудан айырылу және Славянск-Краматорск бекініс аймағына – Донбасс аумағында соңғы бекініс орнына шабуылдың басталуын білдіреді.
"Славянск қаласының шығысы мен оңтүстігінде одақтас күштер қарқынды түрде алға жылжып, елді мекендерді азат етіп жатыр. Славянсктің солтүстігінде әр жүз метр үшін қиян-кескі шайқас жүріп жатыр. Қарсылас орасан зор шығынға ұшырап, соғысқа жұмылдырылған резервтегң әскерилерді алдыңғы шепке шығарып жатыр. Украинадағы ақпарат көзіне сенсек, Украина Қарулы күштері "маневрлік қорғаныс кезінде" күн сайын 500-ге жуық жауынгерінен айырылып жатыр. Дегенмен сұрапыл шайқас кезінде шынайы шығынды есептеу қиын. Ресей әскері Северск маңындағы орман алқаптарында "Солнцепекпен" Украина Қарулы күштерінің бекіністерін түгелдей қиратып жатыр", - деп жазды Хроленко.
Оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде, Артемовск қаласының маңында да белсенді соғыс қимылдары жүріп жатыр. Мұнда 12 шілдеде Украина Қарулы күштерінің 30-шы механикаландырылған бригадасының 180 әскери қызметкері мен 26 әскери техникасы әуедегі дәлдігі жоғары зымырандармен жойылды.
Бір күн бұрын Часов Яр қаласында (Артемовск маңында) Украина Қарулы күштерінің 118-ші аймақтық қорғаныс бригадасының 300-ге жуық әскери қызметкері "Искандер" соққысымен қиратылды. Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, жеке жасақтардың құрамындағы жауынгерлердің 70%-ке жуығы соққылармен есептен шығарылды.
Хроленконың пікірінше, Киев режимі өз армиясының орасан зор шығының жасыра алмай отыр. Президент Владимир Зеленский украин әскерінен барлық бағытта белсенділікті арттырып, қарсы шабуылға шығуды талап етіп отыр. Ал украин жауынгерлерінде қарсы тойтарыс беруге тап қазір күш те, құрал да жоқ.
Украина әскері Северск – Артемовск – Соледар желісі бойынша жаңа бекініс құруға тырысқанымен, ресурс жетіспей тұр. Северск қоршауда тұр. Одақтас күштер Светлодарск – Артемовск тас жолының бақылаудағы учаскесін 17 километрге дейін кеңейтті. Бұл ретте төрт танк, он "Козак" броньалған машинасы, Украина Қарулы күштерінің 270 әскери қызметкері жойылды.
Донбастағы шетелдік жалдамалы әскерилердің саны да айтарлықтай азайды: маусымдағы 3,22 мың жауынгерден бүгінде 2,74 мың жалдамалы сарбаз қалды. 390-нан астам "легионер" жойылды, 240-ы Украинадан тыс жерлерге қашып кетті. Айта кетері, арнайы операция кезінде Польшадан келген 166 жалдамалы жауынгер өлтірілген. Ал Грузия - , Ұлыбритания – 23, Румыния – 21, Канада – 15 жауынгерінен айырылды.
Шілденің 11-і күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ресей Федерациясының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский Батыстың қарсылығына қарамастан Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау жоспарға сай аяқталатынын тағы да мәлімдеді.
Азат етілген аймақтардың (Харьков, Запорожье, Херсон облыстары) тұрғындары Ресейге қайта оралуға ниетті. Адамдардың таңдау еркіндігін сезінуі үшін Ресей президенті Владимир Путин барлық Украина азаматтарының Ресей азаматтығын алуын жеңілдететін жарлыққа қол қойды. Дегенмен, арнайы операцияның басты мақсаты Украинаны денацификациялау болып табылады.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0