Жеке кәсіпкер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қалай төлейді

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2022
Жазылу
Жеке кәсіпкерлер (ЖК)міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға өздері үшін, қызметкерлері үшін қанша төлейді және жеңілдік санатындағы қызметкерлер үшін төлей ме
Sputnik Қазақстан жеке кәсіпкерлер тарапынан жиі қойылатын 8 сұраққа жауап береді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға өзі үшін қанша төлейді

Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын азаматтар басқа да әлеуметтік аударымдармен қатар МӘМС-ға тіркелген жарналарды төлейді.
2022 жылы төлеушілердің осы санаты үшін жарна ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе ай сайын 4 200 теңгені құрады. (60 000*1,4)*5% = 4 200 теңге.

Қалай төлеу керек

МӘМС төлемін ЖК ретінде өзі үшін екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі немесе банктің мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ "Қазпошта" АҚ, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары, Касса 24 және Qiwi әмияны арқылы аударуға болады. Төлем белгілеу коды (ТБК) – 122.
Сіз ай сайын немес одан да ұзақ мерзімге алдын ала да төлей аласыз. Қаражатты кері қайтарылуын 2-3 жұмыс күні ішінде міндетті түрде тексеріңіз.
Егер ЖСН немесе аты-жөні, төлем сомасы қате көрсетілсе немесе аударым базасы 10 ең төменгі жалақыдан асып кетсе, жарналар қайтарылуы мүмкін.

Жұмыс беруші ретінде МӘМС-ке қанша төлейді

Егер ЖК-да жалдамалы жұмысшылар болса, онда олар үшін төлем жасауға міндеттеледі:
жұмыскерлердің жалақысының 3% мөлшерінде, бірақ жұмыс беруші ретінде аударымдар 18 мың теңгеден аспайтын;
жұмыскерлердің табысы есебінен жұмыскерлердің жалақысы деңгейінің 2% мөлшерінде, бірақ 12 мың теңгеден аспайтын жарна.
Мысал: N қызметкерге 2022 жылғы шілде айына 100 мың теңге сомасында жалақы есептелді. Бұл жағдайда жұмыскердің жарналарының сомасы 2 мың теңгені құрайды, жұмыс беруші өз тарапынан 3 мың теңге мөлшерінде аударым аударады. Сонымен әр қызметкер үшін аударым мөлшері оның жалақысының мөлшеріне байланысты.
Қалай төлейді
ЖК қызметкерлері үшін МӘМС-қа төлемді банктің кез келген бөлімшесі, оның ішінде мобильді қосымшалар және "Қазпошта"АҚ арқылы аударуға болады. Төлем нысанының коды (ТНК): 121

Егер жеке кәсіпкер азаматтардың жеңілдікті санатына кіретін болса, МӘМС үшін ақы төлеу керек пе

Иә. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды "МӘМС туралы" ҚР заңына және ҚР чалық кодексіне сәйкес жеке кәсіпкер төлейді, бұған салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрғандар немесе әрекетсіз деп танылғандар қосылмайды.
Жеке кәсіпкер өзі немесе оның жалдамалы қызметкерлері төмендегі санаттағы тұлға болып табылған жағдайда, жарналар мен аударымдарды төлемейді:
балалар (18 жасқа дейін); з
ейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі барлар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
мүгедектігі барлар;
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар.

Бала күтіміне байланысты демалыстағы әйел жеке кәсіпкер болса МӘМС төлей ме

Бұл санаттағы бенефициарлар – кәсіпкерлік немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және кірісі жоқ әйелдер. Егер әйел жеке кәсіпкер болып табылса, онда ол өзі үшін жеке кәсіпкер ретінде 4 200 теңге мөлшерінде тіркелген жарна төлейді.

Егер жеке кәсіпкер зейнеткер немесе мүгедек болса, ол медициналық сақтандыру жарналарын төлеуге міндетті ме

Жоқ. Мүгедектігі бар адамдар МӘМС жарналарын төлеуден толық босатылған азаматтардың жеңілдікті санатына жатады, оның ішінде жеке кәсіпкер ретінде.

Жалдамалы жұмыскер және жеке кәсіпкер ретінде МӘМС-қа жарна төлей ме

Иә. Бұл жағдайда "МӘМС туралы" заңның 28-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес төлеуші өзінің жалақысының 2%-ін жалдамалы қызметкер ретінде және ЕТЖ 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ін немесе ЖК ретінде 4 200 теңге төлейді.
Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған жағдайда, ҚР салық заңнамасына сәйкес, кәсіпкер ЖК ретінде МӘМС жарнасын төлемеуі тиіс.

Жеке кәсіпкерге МӘМС жарналарын төлемегені үшін өсімпұл салынады ма

Иә. Егер жеке кәсіпкердің МӘМС бойынша берешегі болса, оны өтеуге болады. Бірақ мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін, төлем күнін қоса алғанда, қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі. Өсімақыны болмас үшін жеке кәсіпкер егер олар бар болса жалдамалы жұмыскерлер үшін жарналар мен аударымдарды, уақтылы төлеуі қажет.
Есепті кезеңнен кешіктірмей, яғни кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлеу керек; Медициналық сақтандыру қорына жарналар және (немесе) аударымдар төлеуден жалтарған жағдайда қандай шаралар қолданылатын болады? Мемлекеттік кірістер органдары (салық комитеті) аударымдар мен жарналардың уақтылы және толық есептелуіне және аударылуына бақылау жүргізеді.
Егер жеке кәсіпкер жарналарды және (немесе) аударымдарды төлеуден жалтарса, онда ол ӘҚБтК-нің 92-1-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың МӘМС-ке аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеуі, уақтылы және (немесе) толық төлемеуі ескерту жасауға әкеп соғады.
Бір жыл ішінде қайталап бұзушылық орын алған жағдайда төлемеушіге айыппұл салынады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне МӘМС төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдар және (немесе) жарналар сомасының 20% мөлшерінде; орта кәсіпкерлік субъектілерінде – 30% мөлшерінде; ірі кәсіпкерлік субъектілерінде – 50% мөлшерінде.

МӘМС жарналарын немесе аударымдарын төлеу кезінде жеке кәсіпкер нені есте сақтауы маңызды

Қаражаттың кері қайтарылмауы үшін алушының ЖСН мен аты-жөнін дұрыс көрсету керек;
2-3 жұмыс күні ішінде қаражаттың қайтарылғанын тексеру қажет.Егер кері қайтарса, онда дұрыс ақпаратты көрсете отырып, төлемді қайтадан жүргізіңіз.
Есепті кезеңнен кешіктірмей салық органдарына есептілікті дайындау және тапсыру;
өз жұмыскерлеріңізді МӘМС төлемінің аударылғаны туралы хабардар ету.

МӘМС бойынша сұрақтармен қайда хабарласқан жөн

Егер сізде медициналық көмек көрсету сапасына қатысты сұрақтар болса, сіз оларды өз емханаңыздағы пациенттерді қолдау қызметіне қоя аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда сіз ыңғайлы байланыс арнасы арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты; 1406 байланыс орталығы; Telegram-дағы Qoldau 24/7 және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы.
Дәл осындай құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің egov.kz сайтындағы "Денсаулық сақтау" бөлімінде "медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат" мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз. 2021 жылы қорға 15,9 млрд теңге көлемінде 633 жеке кәсіпкердің жарналары мен аударымдары түсті. Биыл төлеушілер саны 1 855-ке дейін артты. 5 ай ішінде олар жүйеге 10,3 миллиард теңге төледі.
Жаңалықтар
0