https://sputnik.kz/20220701/qazaqstannyn-eshbir-qatynas-25877439.html
Қазақстанның бірде-бір елмен шиеленісті қарым-қатынасы жоқ - министр
Қазақстанның бірде-бір елмен шиеленісті қарым-қатынасы жоқ - министр
Sputnik Қазақстан
Ядролық қаруды таратпау ісіне белсенді қатысу Қазақстанның өзіндік саяси брендіне айналды 01.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-01T10:27+0500
2022-07-01T10:27+0500
2022-07-01T10:42+0500
саясат
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/04/16/24392262_0:0:3044:1713_1920x0_80_0_0_c3dacd4a5197e613cda23d51e1debc06.jpg
АЛМАТЫ, 1 шілде - Sputnik. Қазақстан өзін халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесінің салиқалы, парасатты және жауапты қатысушысы ретінде таныта алды. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мақаласында айтылған.1992 жылы 2 шілдеде Қазақстан президенті "Сыртқы істер министрлігі туралы", "Қазақстан Республикасының елшілігі туралы" және "Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы" ережелерді бекіткен жарлықтарға қол қойды.Биыл тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 30 жыл толды.Ол сыртқы саясатымыздың ең маңызды жетістігі ретінде мемлекеттік шекараны заңдық ресімдеу процесін атап өтті. Елдің сыртқы шекараларын делимитациялау және демаркациялау мәселесі – әлемнің көптеген өңірінде ғасырлар бойы шиеленістер мен әскери қақтығыстардың себебі болып келген өте сезімтал мәселе. "Біз қысқа тарихи мерзім ішінде Қытай, Ресей және Орталық Азиядағы көршілес елдермен шекара мәселесін шеше алдық. Бұл ұлттық мүдделерге нұқсан келтірместен жасалды. Бұған бейбітшілік пен өзара тиімді ынтымақтастық аймағы мәртебесіне ие болған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюды да жатқызуға болады", - делінген мақалада.Министрдің айтуынша, ядролық қаруды таратпау ісіне белсенді қатысуымыздың өзі Қазақстанның өзіндік саяси брендіне айналды. "Әртүрлі елдердің көшбасшылары ресми және бейресми әңгімелер барысында әлеуеті бойынша төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқаны үшін бұрынғысынша Қазақстанға деген шынайы құрметін білдіріп келеді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 29 тамызды – Семей полигонының ресми жабылған күнін – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы шешімі біздің осы бағыттағы күш-жігерімізді мойындау болды", - дейді ведомство басшысы.Қазақстан БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларацияны қабылдауына күш салуға бейілді. Көпжақты дипломатияны нығайту, халықаралық және өңірлік ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту бұрынғысынша Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыт болып қала береді. "Бейтарап медиатор ретіндегі атына сай Қазақстан әр жылдары Иранның ядролық бағдарламасы, 2015-2016 жылдардағы Ресей мен Түркия арасындағы дипломатиялық дағдарыс төңірегіндегі ахуалды реттеуге, Украина бойынша Минск процесінің іске қосылуына, Сирия бойынша Астана процесінің келіссөздерін жүргізуге елеулі үлес қосты", - деп жазылған.Министрдің сөзінше, сыртқы саяси басымдықтар өзгеріссіз қала береді.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/16/24392262_315:0:3044:2047_1920x0_80_0_0_658507af5ed794e7a341830ca95ca50c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан
Қазақстанның бірде-бір елмен шиеленісті қарым-қатынасы жоқ - министр
10:27 01.07.2022 (жаңартылды: 10:42 01.07.2022) Ядролық қаруды таратпау ісіне белсенді қатысу Қазақстанның өзіндік саяси брендіне айналды
АЛМАТЫ, 1 шілде - Sputnik. Қазақстан өзін халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесінің салиқалы, парасатты және жауапты қатысушысы ретінде таныта алды. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мақаласында айтылған.
1992 жылы 2 шілдеде Қазақстан президенті "Сыртқы істер министрлігі туралы", "Қазақстан Республикасының елшілігі туралы" және "Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы" ережелерді бекіткен жарлықтарға қол қойды.
Биыл тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 30 жыл толды.
"Сыртқы саясатты тиімді жүргізудің арқасында еліміз басқа мемлекеттермен қақтығыстарға бармауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде, бүгінде халықаралық қоғамдастықтың бірде-бір субъектісімен шиеленісті қарым-қатынасымыз жоқ. Осы арқылы отандық дипломатия мемлекеттігіміздің нығаюына елеулі үлес қосты", - делінген
"Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған мақалада.
Ол сыртқы саясатымыздың ең маңызды жетістігі ретінде мемлекеттік шекараны заңдық ресімдеу процесін атап өтті. Елдің сыртқы шекараларын делимитациялау және демаркациялау мәселесі – әлемнің көптеген өңірінде ғасырлар бойы шиеленістер мен әскери қақтығыстардың себебі болып келген өте сезімтал мәселе.
"Біз қысқа тарихи мерзім ішінде Қытай, Ресей және Орталық Азиядағы көршілес елдермен шекара мәселесін шеше алдық. Бұл ұлттық мүдделерге нұқсан келтірместен жасалды. Бұған бейбітшілік пен өзара тиімді ынтымақтастық аймағы мәртебесіне ие болған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюды да жатқызуға болады", - делінген мақалада.
Министрдің айтуынша, ядролық қаруды таратпау ісіне белсенді қатысуымыздың өзі Қазақстанның өзіндік саяси брендіне айналды.
"Әртүрлі елдердің көшбасшылары ресми және бейресми әңгімелер барысында әлеуеті бойынша төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқаны үшін бұрынғысынша Қазақстанға деген шынайы құрметін білдіріп келеді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 29 тамызды – Семей полигонының ресми жабылған күнін – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы шешімі біздің осы бағыттағы күш-жігерімізді мойындау болды", - дейді ведомство басшысы.
Қазақстан БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларацияны қабылдауына күш салуға бейілді. Көпжақты дипломатияны нығайту, халықаралық және өңірлік ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту бұрынғысынша Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыт болып қала береді.
"Бейтарап медиатор ретіндегі атына сай Қазақстан әр жылдары Иранның ядролық бағдарламасы, 2015-2016 жылдардағы Ресей мен Түркия арасындағы дипломатиялық дағдарыс төңірегіндегі ахуалды реттеуге, Украина бойынша Минск процесінің іске қосылуына, Сирия бойынша Астана процесінің келіссөздерін жүргізуге елеулі үлес қосты", - деп жазылған.
Министрдің сөзінше, сыртқы саяси басымдықтар өзгеріссіз қала береді.