Қоғам

Қазақстан журналистері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2022
Жазылу
Осыдан үш жыл бұрын 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні деп бекітілді
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Бүгін, 28 маусым Қазақстанның журналистері мен БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алатын орны қашанда ерекше. Қаламын қару еткен журналистер – жаңалықтың жаршысы, билік пен бұқара арасындағы алтын көпір. Бүгін жылдағы дәстүрмен төртінші билік өкілдері төл мейрамын атап өтуде.
Бастапқыда бұл күн Журналистика күні деп аталып, 10 мамырда мерекеленетін. Бұл күннің таңдалуы да тектен-тек емес: дәл осы күні қазақ тілді алғашқы басылым – "Түркістан уәлаятының газеті" тұңғыш рет жарық көрді.
Кейіннен мереке атауы баспа, радио және телевидение күні деп өзгерді. Ол жыл сайын маусымның соңғы жексенбісінде аталып өтетін. Алайда 2011 жылы 28 маусым – Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді.
Ал 2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма берді. Осылайша 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні деп жарияланды.
БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында журналистер арасында түрлі байқау жарияланып, президенттің марапаттары табысталады. Биыл да игі дәстүр өз жалғасын тапты. 25 маусымда мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар, гранттар беру және президент алғысын жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Президент сыйлығын алған журналистер тізімімен мына жерден таныса аласыздар.

БАҚ туралы жаңа заң қабылданады

Биыл наурыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарауды тапсырды. Оның пікірінше, елдегі демократиялық өзгерістер тәуелсіз әрі жауапты БАҚ-сыз мүмкін емес.
БАҚ, микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2022
Қоғам
Министр БАҚ туралы заң жайлы: журналистердің пікірі ескеріледі
"Мемлекет ашық ақпарат кеңістігін қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. БАҚ өзекті мәселелерді көтере алады және көтеруі керек, бірақ мұны үлкен азаматтық жауапкершілікпен жасау керек. Сырттан тапсырыс бойынша, көлеңкелі қаламақы үшін немесе саяси топтар үшін жұмыс істемеуі керек. Журналистер өз елі мен оның азаматтары үшін шын жүректен алаңдауы керек", - деген еді мемлекет басшысы.
Президент жаңа заңда мемлекеттің мүддесі мен қоғамның сұраныстарын, сондай-ақ медиа саланың даму тенденцияларын ескеру қажет екеніне назар аударды.
Қазір осы салаға жауапты ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистер қауымымен ақылдаса отырып, жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр.
Жаңалықтар
0