КСК-ның жұмысы тағы бір жылға ұзартылды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Мәжіліс тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына көшу туралы сенат енгізген түзетуді мақұлдады. Заң қабылданып, президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін парламент сенаты электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына бірқатар түзету енгізіп, мәжіліске кері қайтарған болатын.
Сенат енгізген өзгерістердің арасында кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына – мүлік иелері бірлестігі немесе жай серіктестікке көшу мерзімін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту бар.
Мәжіліс заң жобасына енгізілген түзетулерді мақұлдады. Заң президенттің қарауына жіберілді.
Айта кетері, қазақстандықтар 2022 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына көшуге тиіс болатын. Олар: мүлік иелері бірлестігі (МИБ) немесе жай серіктестік.
1 шілдеден кейін қазіргі пәтер иелері кооперативтері (КСК) өз жұмысын тоқтатады деп жоспарланған. Алайда бүгінде көппәтерлі үйлердің тұрғындары МИБ-ке көшуге асығар емес.
Жаңалықтар
0