https://sputnik.kz/20220621/toqaev-qatar-amirinin-shaqyruymen-dokha-qalasyna-bardy-25660144.html
Тоқаев Қатар Әмірінің шақыруымен Доха қаласына барды
Тоқаев Қатар Әмірінің шақыруымен Доха қаласына барды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Президенті Қатар экономикалық форумына қатысады 21.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-21T08:08+0500
2022-06-21T08:08+0500
2022-06-21T09:58+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/06/15/25659641_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_da1633417372b5167e84f4f17717fae7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірінің жеке шақыруымен Доха қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл жайында президенттің баспасөз қызметі мәлім етті,.Қазақстан Президенті Қатар экономикалық форумына қатысады, сондай-ақ Әмір Тамим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізеді.Қазақстан мен Катардың екіжақты байланысыҚазақстан мен Катар арасында 1993 жылы дипломатиялық қатынас орнатылды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты жолға қою жөніндегі алғашқы қадамдар 1997 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрі болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары кезінде жасалды.Сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Катарға алғашқы ресми сапары 1998 жылдың мамыр айында Парсы шығанағы елдеріне жасаған турнесі аясында өтті. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, жоғары деңгейдегі бірлескен комиссия құру, екі елдің сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастық және кәсіпкерлер кеңесін құру туралы келісімдерге қол қойылды.1999 жылы сәуірде әмір шейх Хамад бен Халифа Әл-Тани Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді. Сапар барысында Катар "Нұр-Астана" Ислам мәдени орталығының құрылысына 6,8 миллион доллар грант бөлді.Қазақстан тарапынан жоғары деңгейдегі сапарлар 2007 және 2015 жылдары жасалды. Катар басшысы Қазақстанға ресми және жұмыс сапарларымен тағы үш рет келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті лауазымында 2019 жылы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммиті аясында Катар Әмірімен кездесті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/15/25659641_176:0:1280:828_1920x0_80_0_0_85dfd24025e72ce9b03ccdaf2f74218c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Қатар Әмірінің шақыруымен Доха қаласына барды
08:08 21.06.2022 (жаңартылды: 09:58 21.06.2022) Қазақстан Президенті Қатар экономикалық форумына қатысады
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірінің жеке шақыруымен Доха қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл жайында президенттің баспасөз қызметі мәлім етті,.
Қазақстан Президенті Қатар экономикалық форумына қатысады, сондай-ақ Әмір Тамим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізеді.
Қазақстан мен Катардың екіжақты байланысы
Қазақстан мен Катар арасында 1993 жылы дипломатиялық қатынас орнатылды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты жолға қою жөніндегі алғашқы қадамдар 1997 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрі болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары кезінде жасалды.
Сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Катарға алғашқы ресми сапары 1998 жылдың мамыр айында Парсы шығанағы елдеріне жасаған турнесі аясында өтті. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, жоғары деңгейдегі бірлескен комиссия құру, екі елдің сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастық және кәсіпкерлер кеңесін құру туралы келісімдерге қол қойылды.
1999 жылы сәуірде әмір шейх Хамад бен Халифа Әл-Тани Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді. Сапар барысында Катар "Нұр-Астана" Ислам мәдени орталығының құрылысына 6,8 миллион доллар грант бөлді.
Қазақстан тарапынан жоғары деңгейдегі сапарлар 2007 және 2015 жылдары жасалды. Катар басшысы Қазақстанға ресми және жұмыс сапарларымен тағы үш рет келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті лауазымында 2019 жылы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммиті аясында Катар Әмірімен кездесті.