https://sputnik.kz/20220616/atyrau-darigerler-sot-ukimi-25558072.html
Атырауда науқастың өліміне кінәлі дәрігерлерге сот үкімі шықты
Атырауда науқастың өліміне кінәлі дәрігерлерге сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Олар "пневмония" және қант диабеті диагнозымен ауруханаға түскен науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетпеген 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T07:01+0500
2022-06-16T07:01+0500
2023-08-10T12:26+0500
өңірлер
атырау
дәрігер
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Атырауда кәсіби міндеттерін дұрыс орындамаған дәрігерлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Хабар 24". Құрманғазы аудандық стационардың инфекционист дәрігері мен анестезиолог-реаниматологі 2020 жылдың аяғында "пневмония" және қант диабеті диагнозымен ауруханаға түскен науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетпеген. Ақ халаттылардың кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы салдарынан науқас қайтыс болыпты. Күдіктілердің кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың, сарапшылардың айғақтарымен және комиссиялық сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен дәлелденген. Сот үкімі бойынша дәрігерлерге екі жыл жарым мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Бірақ рақымшылық жасау заңына сәйкес олар темір торға қамалмайды. Сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына 8 млн теңге моральдық залал өтемақысы өндірілді. "Сотталушыларға дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындай отырып, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылдық жасау жөніндегі заңның негізінде олар бас бостандығынан айыру жазасынан босатылды", - деді Құрманғазы аудандық сотының судьясы Бейбітгүл Меңсейітова.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, дәрігер
Атырауда науқастың өліміне кінәлі дәрігерлерге сот үкімі шықты
07:01 16.06.2022 (жаңартылды: 12:26 10.08.2023) Олар "пневмония" және қант диабеті диагнозымен ауруханаға түскен науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетпеген
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Атырауда кәсіби міндеттерін дұрыс орындамаған дәрігерлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды
"Хабар 24".
Құрманғазы аудандық стационардың инфекционист дәрігері мен анестезиолог-реаниматологі 2020 жылдың аяғында "пневмония" және қант диабеті диагнозымен ауруханаға түскен науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетпеген. Ақ халаттылардың кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы салдарынан науқас қайтыс болыпты.
Күдіктілердің кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың, сарапшылардың айғақтарымен және комиссиялық сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен дәлелденген.
Сот үкімі бойынша дәрігерлерге екі жыл жарым мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Бірақ рақымшылық жасау заңына сәйкес олар темір торға қамалмайды.
Сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына 8 млн теңге моральдық залал өтемақысы өндірілді.
"Сотталушыларға дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындай отырып, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылдық жасау жөніндегі заңның негізінде олар бас бостандығынан айыру жазасынан босатылды", - деді Құрманғазы аудандық сотының судьясы Бейбітгүл Меңсейітова.