Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Херсон билігі іріткі салған шенеуніктердің жұмыстан шығарылатынын айтты

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуПовседневная жизнь в Херсоне
Повседневная жизнь в Херсоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2022
Жазылу
Өңірдегі әскери-азаматтық әкімшілік азаматтардың өтініші үшін әрдайым ашық, кез келген көмек пен қолдау көрсетуге дайын
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Херсон облысындағы Украина кезеңінде тағайындалған және жергілікті жерде іріткі салумен айналысып жатқан шенеуніктер қызметтен шеттетіледі, деп хабарлады өңірдегі әскери-азаматтық әкімшілік басшысының орынбасары Кирилл Стремоусов.
"Украина мұнда жоқ. Фашизмді насихаттаған барлық элементтері жойылды... Қызмет барысында іріткі салып, біздің Ресей Федерациясының құрамындағы болашақ дамуымыздың бір бөлігі ретінде нақты ұстанымын танытпайтындардың барлығы жақын уақытта қызметтен шеттетіледі. Көп адам жазаланады. Өйткені халыққа мұндай опасыздық жасауға болмайды", - деді Стремоусов.
Оның айтуынша, Украинадағы сайлау кезінде билік басына келген шенеуніктер Киев билігін қайтарамыз деген ұранмен халықты қорқытып, сес көрсетіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бұл әрекеттердің бәрі бекер және мәнсіз", - деп атап өтті Стремоусов. Ол жергілікті тұрғындарды өзекті мәселелерді шешуге және қалыпты бейбіт өмірді орнатуға мейлінше атсалысуға шақырды.
Еске салсақ, арнайы операция барысында ресейлік әскерилер Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов маңы бөлігін бақылауға алды.
Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады, Қырыммен сауда байланысы қалпына келтіріліп жатыр.
Өңірлер Ресей Федерациясының субъектісіне айналу туралы жоспарын жариялады.
Жаңалықтар
0