Қоғам

Тергеу изоляторларындағы бес мыңнан астам азамат референдумда дауыс береді

© Sputnik / Тимур Батыршинархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
Сайлау процесі өтіп жатқан үй-жайларда тиісті бақылау, күзет және тиісті қадағалау қамтамасыз етілді
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Тергеу изоляторларындағы 5 мыңнан астам азамат референдумда дауыс береді.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес тергеуизоляторларында ұсталатын үкімі заңды күшіне енбеген азаматтар белсенді сайлау құқығына ие - деп түсіндірді қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, 16 тергеу изоляторында олардың орналасқан жері бойынша сайлау округтерін екі ретін жабық учаскелер жабдықталған.
Соныменқатар, дауыс беруге дайындық кезеңінде тергеу изоляторларының әкімшілігі республикалық референдумға шығарылатын түзетулер туралы ақпараттық жұмыс жүргізді.
Сайлау процесі өтіп жатқан үй-жайларда тиісті бақылау, күзет және тиісті қадағалау қамтамасыз етілді, деп атап өтті ведомствода.
Барлығы Конституцияға енгізілген түзетулер үшін дауыс беруге Республиканың тергеу изоляторларындағы 5 мыңға жуық азамат қатыса алады.
Жаңалықтар
0