Референдумға барасыз ба – Нұрсұлтан Назарбаев жауап берді

© Sputnik / Владислав ВодневЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2022
Жазылу
Назарбаев 2019 жылы президенттік қызметтен кеткенде билік транзиті ойдағыдай өту үшін белгілі бір өкілеттіктерді өзінде қалдырғанын мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық өзгерістерге қатысты республикалық референдумға баратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Алдағы жексенбі, 5 маусымда Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Түзетулердің ішінде Назарбаевтың барлық мәртебесін алып тастау мәселесі де бар. Қазақстанның тұңғыш президенті дауыс беру учаскесіне барамын деп отыр.
"Иә, 5 маусымда Конституциямен берілген құқығымды міндетті түрде пайдаланып, референдумда дауыс беремін. Мен ылғи айтамын, елдің Негізгі заңы – бұл қатып қалған құқықтық реликт емес, бұл – қазақстандық қоғамның өмірі мен ондағы өзгерістерді көрсететін тірі механизм. Бұған дейін де өзгеріс енгізілген болатын", - деді Назарбаев саясаттанушыға берген сұхбатында.
Оның ойынша, қоғамның демократиялық дамуына және прогреске жол ашатын өзгерістерді енгізу керек. Ең бастысы, бұның барлығы заман талабына сай болуы шарт.
"Мені де қоғамды алаңдататын мәселелер мазалайды. Барлық өзгеріс мемлекет пен халық мүддесі үшін жасалуы керек", - деп атап өтті Назарбаев.
Осы орайда ол 2019 жылы президенттік қызметтен кеткенде белгілі бір өкілеттіктерді не үшін қалдырғанын түсіндірді.
"Иә, менде белгілі бір өкілеттіктер қалды. Бірақ оны саяси транзит ойдағыдай өтсін деп жасады. Сосын қоғам мен билік элитасындағы ықтимал қарама-қайшылықтарды жеңілдету үшін істеді", - деді Назарбаев.
Айта кетері, саясаттанушы Данияр Әшімбаев Елбасы кеңсесіне бірнеше сұрақ жолдаған. Нұрсұлтан Назарбаев өзі хабарласып, сауалдарына телефон арқылы жауап беруге келіскен.
Жаңалықтар
0