Пәтер интерьері: биыл қандай түстерді таңдаған жөн

© Pixabay / Dizzy RosebladeИнтерьер
Интерьер - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2022
Жазылу
Егер бұрын ашық интерьер сәнде болса, қазір тренд контрастқа ауысады
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр - Sputnik. 2022 жылы пәтерлердің интерьер дизайнына көгілдір көк және қызғылт сары түстерді таңдаған жөн, деп жазады РИА Новости Domeo компаниясының дизайнері Евгений Сорокинге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, әдетте түстер тренді бояу мен лак жасайтын жетекші өндірушілер мен ірі дизайн агенттіктеріне байланысты. Осы компаниялардың сарапшылары әлеуметтік желілердегі суреттерге қарап, адамдардың талғамын талдайды. Олар суретшілер мен кино индустриясы, киім мен жиһаз өндірушілер қандай реңктерді таңдайтынын көреді.
Соңғы екі жыл ішінде ақ, сүт түстес, крем және сұр түс ең сәнді болып саналды.

"Алайда қазір күрделі реңктер сәнге айналуда: терең көк, алтын, күйдірілген қызғылт, қызғылт реңктері бар қоңыр және қызғылт сары", - деді дизайнер.

Егер бұрын ашық интерьер сәнде болса, қазір тренд контрастқа ауысады, деп жалғастырды Сорокина.
"Қабырғалардың түсі ашық емес, ал перде сынды интерьер бөлігі ашық түсті болады. Осылайша бір-бірімен үйлеседі. База болып саналатын түстерді де қолдана беруге болады. Өйткені олар қазір классикаға айналды", - деп түйіндеді ол.
Жаңалықтар
0