Өңірлер

Қызылордада аула сыпырушылар автобуспен тегін жүреді

CC0 / Fachdozent / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
Қаланы санитарлық тазалау ұйымының қызметкерлері арнайы жол жүру билетін алады
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қызылордада "Қызылорда Тазалығы" ЖШС қызметкерлері қалалық қоғамдық көлікпен тегін жүреді.
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.
Жоғарыда айтылған ЖШС-ның бір қызметкері облыс әкімінің жеке қабылдауында болып, күн сайын аула сыпырып, саябақтар мен скверлерді тазалап, қоқыс шығаратын адамдар үшін жеңілдік сұраған.
"Мәселен, қалалық автобустарда жол жүруге жеңілдік жасалса екен дейміз. Өйткені бізге қоғамдық көлікпен күн сайын жүруге тура келеді. Ал жалақымыз көп емес, қалтаға салмақ түседі", - дейді әйел.
Нұрлыбек Нәлібаев дәл сол жерде шешім қабылдады.
"Сіздің ұйым қызметкерлерінің қалалық автобустарда тегін жүруін қамтамасыз ете аламыз деп ойлаймын. ЖШС-да қанша жұмысшы болса, сонша арнайы жол жүру билетін жазып береді. Екі жүз болса, екі жүз, үш жүз болса, үш жүз", - деді облыс басшысы.
Сондай-ақ Қызылорда облысының әкімі облыс орталығын күн сайын тазалайтын адамдарға айрықша ризашылығын білдірді.
Пакет с мусором. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2021
Өңірлер
"Кейде ұлым сабаққа аш кетеді": Көзі көрмейтін жігіт аула сыпырып жүр
Жаңалықтар
0