Саясат

Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Азиядағы мүмкіндіктер жайлы айтып берді

© Sputnik / Табылды КадырбековПредседатель кабинета министров КР Акылбек Жапаров
Председатель кабинета министров КР Акылбек Жапаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
Бүгін Бішкекте Еуразиялық экономикалық одақтың бірінші экономикалық форумы өтіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Жаһандану және дағдарыс құбылыстары жағдайында интеграциялық процестердің маңызы арта түсуде, деді бірінші Еуразиялық экономикалық форумның ашылуы кезінде сөз сөйлеген Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров.
Ақылбек Жапаров форумға қатысушыларға Қырғызстан президентінің құттықтау сөзін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Министрлер кабинетінің басшысы 2001 жылы ұлттық валютамен есеп айырысуға көшу қажеттігі туралы айтқанын еске салды.

"Өркениеттің Батыстан Шығысқа қарай ығысуы жүріп жатыр. Ал экономикалық орталық Азия құрлығына ауысып жатыр. Егер Еуропаға кіретін терезе жабылса, біз Азияға қақпаны ашуға дайынбыз. Біз бұрын-соңды болмаған өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Бұл өзгерістерде біздің одақ үстемдік позицияны иеленуі керек", - деді Жапаров.

Ол жаһандану және дағдарыс құбылыстары мен әлемдік қаржы-экономикалық жүйедегі тұрақсыздық сақталған жағдайда интеграциялық процестердің өзектілігі артып отырғанын айтты.
Бейсенбі, 26 мамырда Бішкекте Еуразиялық экономикалық форум басталды. Форум аясында 35-ке жуық іс-шара өтеді. Оған 15 елден келген 2,5 мыңнан астам адам қатысады. Форум коронавирус пандемиясына байланысты мәжбүрлі үзілістен кейін Еуразиялық экономикалық одақтағы ең ірі іскерлік шараның біріне айналады деп күтіліп отыр.
Жаңалықтар
0